Еңбек туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 295
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 46
Өлеңдер: 131
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 148
Құттықтау, тілектер: 33
Туындылар: 3
Әңгімелер: 19
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Шығармалар: 6
Эсселер: 5

Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен. Соның тілін тауып, соған қызмет қыла біл. 
©  Ыбырай Жақаев
Еңбек — ырыстың қазығы. 
©  Ыбырай Жақаев
Сүйікті ісіңмен айналыс
 Кәсіпті нәсіпке айналдырудағы басты қағида – қатты қалап, көңіл құлаған іспен айналысу. Мысалы, мен тек өзім..
©  Марк Цукерберг
Байлық — қанағат пен еңбекте. 
©  Ыбырай Алтынсарин
Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады. 
©  Ыбырай Алтынсарин
Адамгершілікке тəрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі. 
©  Ыбырай Алтынсарин
Адамзатқа қызмет етуден артық дін жоқ. Үлкен ұстанымы — еңбек ортақ игілігі үшін.
©  Альберт Швейцер
Еңбек етіп табысқа жету қиындығын көрмеген адамда қайыр жоқ. 
©  Абдуллаһ ибн әл-Мүбәрак
Табысы жоқтың - танысы жоқ.
 
©  Саиф Сараи
Құр тілекпен бек атана алмайсың.
 
©  Саиф Сараи
Қиындық көрмей байлық келмейді.
 
©  Саиф Сараи
Еңбегі жоқ ғалым - балы жоқ ара тәрізді.
 
©  Саиф Сараи
Көзеге не құйсаң - соны ішесің,Көшеге не ексең - соны орасың.
 
©  Саиф Сараи
Бейнет көрмегенге - зейнет те жоқ.
 
©  Саиф Сараи
Кісінің түсіне емес, ісіне қара.
 
©  Саиф Сараи
Түйнектен - ағаш өседі, түйір дәннен - қамба толады.
 
©  Саиф Сараи
Қу тамақтың қамы болмаса - құс тұзаққа түспес еді.
 
©  Саиф Сараи
Бақыт барын салып еңбектенгенге бұйырады.
 
©  Иоганн Вольфганг фон Гёте
Өзі үшін әрекеттенген азап шегеді. Өзгелер үшін еңбек еткен адам олардың қуанышына да ортақтасады.
 
©  Иоганн Вольфганг фон Гёте
Күндіз-түні үнемі еңбек ету, мәңгілік оқу, оқуға әбден жаттығу, соншалықты өжет болу қажет... Ол үшін әрбір сағат өте қымбат.
 
©  Антон Чехов
Өмірдің бірінші қажеті еңбек болатындай етіп құра біл. Еңбексіз адал, жарқын өмір жоқ.
 
©  Антон Чехов
Адам кім болса да еңбек етіп, терге шома жұмыс атқаруы тиіс: өмірдің мәні мен мұраты оның бақыты мен мақсаты осында.
 
©  Антон Чехов
Білімді үйрену үшін еңбек құмар болып, денеңді жалқаулыққа билетпеуің керек. 
©  Қабуснама
Дүниеде еңбек пен шығарманың қиындығын жеңуден асқан ұлы ерлік жоқ.
 
©  Максим Горький
Еңбек – ақыл мен мәдениеттің бүкіл адам баласына ортақ мерекесіне апаратын тура жол.
 
©  Максим Горький