Өмір туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 245
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 15
Өлеңдер: 1679
Нақыл сөздер: 508
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 7
Әңгімелер: 71
Ертегілер: 5
Поэмалар: 4
Шығармалар: 11
Анекдот, әзілдер: 5
Аңыздар: 2
Эсселер: 12

Өмір ойлаусыз-ақ тіршілігін жалғастыра береді: ойлау – өмір сүрудің бір түрі ғана.
©  Освальд Шпенглер
О, достарым, өлім емес керегі,Ойлы, мұңлы өмір сүргім келеді.
©  Александр Пушкин
Өмір емес махаббатты түсінбеймін... 
©  Айтқалиев Айдос Даниярұлы
Өмір – тіршілікте кездесуі мүмкін ұстаз біткеннің ең сорақысы.
©  Альфред Адлер
Өмірдің ойынға ұқсайтын кезі сирек кездеседі.
©  Альфред Адлер
Өмір қашан да жалғасын табуға ұмтылады: өмірлік күш те соңғы сəтіне шейін күрессіз беріліп көрген емес
©  Альфред Адлер
Шын мәнінде, бұл мені тірілерге аздап ренжітті. Шешіну емес, өмірдегі ең жақсы картаны ұсынбаған адамдармен кездесу.
©  Шарлотта Айянна
Мен мұсылманмын және барлық нәрсені жаратқан бір Аллаға сенемін. Бұл сенім менің ішімде өмір сүреді.
©  Зинедин Зидан
Өмір — өлтіріп тынар. 
©  Сайын Назарбекұлы
Өмірді ол жерден де, бұл жерден де іздеп əуре болудың қажеті шамалы: ол барлық жерде де бар.
©  Эмиль Дюркгейм
Өмір жақсы нəрсе екендігін дəлелдейтін бірден-бір тəжірибелік дерек – көбіміздің оның адам айтқысыз азабын ажал тозағынын артық санайтындығымыз.
©  Эмиль Дюркгейм
Өмір – ойға жан береді, ал өмірді оятатын – ой.
©  Жиль Делез
Жер бетіне тұңғыш ой сəулесін түсірген сəттен бастап, өмір өзін де сынай алатын жəне өзі туралы да ойлай алатын ғаламат күшті дүниеге əкелді.
©  Пьер Тейяр де Шарден
Өмір – жол ма, əлде тұйыққа тірелу ме?!
©  Пьер Тейяр де Шарден
Өмір – тіршілік иелеріне қарағанда ақиқаттау.
©  Пьер Тейяр де Шарден
Өмір бір ғана тұйық сызық бойымен немесе жеке-жеке жаңқалау əдісімен əрекет жасамайды. Ол бір мезгілде бар жүйесін бірдей алға қарай қозғайды.
©  Пьер Тейяр де Шарден
Алғашында өмір, тегі, өзін-өзі қорғау мақсатында ғана көбейе бастаса керек. Бірақ бұл оның басқыншылық жорығының басы  болып шықты.
©  Пьер Тейяр де Шарден
Өмірді өнердің өтірігінен құтқарамын деу – өнбейтін іс.
©  Жорж Батай
Өмірді бір жерде қазыққа байлап ұстап тұра алмайсың: ол тез бір жерден бір жерге көшеді, ол электр тогі тəрізді зулап, жарқжұрқ етеді.
©  Жорж Батай
Түсініксіз өлшемі,Белгісіздеу ертеңі.Жұмбақ әлем ішінде,Өмір деген ертегі...
©  Қайырды Назырбаев
Бәрі де арман,Бәрі де жалған,Осы екен ғой, бауырым, өмір деген...
©  Қайырды Назырбаев
Шектен шығып, асып-тасып жатпаған өмір – ұзақ-сонар алдапарбау мен көзбояушылықтан басқа түк те болмай қалады.
©  Жорж Батай
Кітап емес, өмір жақсылыққа баулиды.
©  Роберт Вальзер
Өмір деген – Күнді айналу... 
©  Серік Ақсұңқарұлы
Өмірдің әр секундындағы ғажайып пен құпияны сағат пен күнтізбенің көлегейлеуіне жол бермеңіз. 
©  Уэллс Герберт