Ғылым туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 8
Өлеңдер: 50
Нақыл сөздер: 115
Туындылар: 1
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 1
Шығармалар: 3
Эсселер: 3

Ғылым үшін тіл мен жазу - қаймағы алынбаған мәдени игілік.  
©  Олжас Сүлейменов
Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.  
©  Олжас Сүлейменов
Жазба деректерге көзсіз сену – тарихнаманың ғылымнан айырмашылығы осында жатыр. 
©  Олжас Сүлейменов
Неге поэзия – тек сезімнің, ал ғылым – тек зерделіліктің көрінісі болуға тиіс? Ақылсыз адам шығарған өлең жолдары нақылға айналмайтыны хақ. 
©  Олжас Сүлейменов
Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтырлы ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
©  Әл-Фараби
Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт...
©  Әл-Фараби
Қандай ғылым болса да, ол — адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды.
©  Әл-Фараби
Ғылым үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу..
©  Әл-Фараби
Ғылым - Алланың бір сипаты.
©  Абай Құнанбаев
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
©  Абай Құнанбаев
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
©  Абай Құнанбаев
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер.
©  Абай Құнанбаев
Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.
©  Абай Құнанбаев
Осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі — ғылым.
©  Мұхтар Әуезов
...ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр.
©  Мұхтар Әуезов
Ғылымды үйреніп, оны өмірге қолданбаған кісі — жерін айдап, дәнін сеппеген адамға ұқсас.
©  Саади Ширази
Ғылым үйрен - көзің ашылады.
©  Міржақып Дулатұлы
Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді,
Осылай шежіреден көрінеді.
Саны көп, сапасы жоқ, һәммадан бос,
Ғылымға мойын ұсынбай ерінеді.
Шет шығып сахарадан..
©  Міржақып Дулатұлы
Ғылымның отаны жоқ.
©  Луи Пастер
Саясат — нақтылы емес ғылым.
©  Отто фон Бисмарк
Ғылымда демалыс жоқ. Ғылым үшін демалыс жұмыстың өзгеруі ғана.
©  Василий Вильямс
Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.
©  Дмитрий Менделеев
Ғылым үшін барлығы да маңызды.
©  Генрих Гейне
Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірбиелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп..
©  Қаныш Сәтбаев
Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін..
©  Қаныш Сәтбаев