Ғылым туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 8
Өлеңдер: 50
Нақыл сөздер: 115
Туындылар: 1
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 1
Шығармалар: 3
Эсселер: 3

Ғылым өнер емес. Димаш сахнаға шығып, әнін айтып, шыңғырып берсе, бәрі жақсы көріп қалады. Бұл түсінікті. Немесе біреу екіншісінің мұрнын бұзса да..
©  Асқар Жұмаділдаев
Педагогика — білім беру, яғни адамның өмірлік тәжірибесін дамыту туралы ғылым. 
©  Александр Новиков
Абай- ақыл мен білімнің, ой мен ғылымның айнымас алтын қазығы!!!
©  Аслан Ғафуров
Ғылым біздің көптеген ауруларымыздың емін ойлап тапты, бірақ олардың ең қорқыныштысы — немқұрайдылықты таба алмады.
©  Энн Салливан
Ғылыми атақ бұл күнде тек мансапқа жетудің бір баспалдағы болып тұр, сонда ғылыммен кім айналысады?!!!
©  Нұрхалық Абдырақын
Кейбір адамдар сырты жалтыраған батысытқтарға қарап, өзін, шығысын менсінбей, мешеу сияқты көреді. Шын мәнінде, олардың ғылымның бәрін бізден..
©  Нұрхалық Абдырақын
Бүгінде Scopus,  Tomsun журналдарына мақала шықпаса, ғалым тұрмақ, адам болмай қалдық. Ол тұнып тұрған ақша жасаудың бір жаңа жолына айналды. Ғылым..
©  Нұрхалық Абдырақын
Әуелде парыз ғылымды үйрен, сосын керекті ғылымды үйрен. Алланы тану парыз ғылым болмақ. Нантабу үшін алатын ғылым керек ғылым.
©  Нұрхалық Абдырақын
Балаларыңызды бай болуға үйретпеңіз. Олар үйренуі керек негізгі ғылым – бақыт туралы ғылым.
©  Стив Джобс
Ғылымның өлгені – еске сақталмағандығы, қызықпайтын адамдарға үйретіліп, зая кеткені.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Ғылым білімге қонады, ғылымсыз білім тым құрғақ. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткіз сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Ғылым екі түрлі бірі әрбір адам баласына парыз болған Илаһи ілім (мәңгілік ілім, өзінтану). Екіншісі бір адамның үйренуімен басқалардың мойнынан..
©  Нұрхалық Абдырақын
Адамзат ақыл-ойы талай ғажайыптарды ойлап тауып жатыр ғой. Алда да небір ғаламат жаңалық ашылар. Бәрібір ең ұлы жаңалық — жазу. Одан асқан жаңалық..
©  Әбіш Кекілбаев
Оқысаң ғылым қорын білім асар,Көңілдің кіршік басқан көзін ашар. 
©  Шәңгерей Бөкеев
Ғылыммен, өнермен және ғасырлар бойы өмiр тәжiрибесiмен толыққан ақыл күштi де жеңедi. 
©  Виссарион Белинский
Сұрау белгісі (?) – барлық ғылымдар кілті. 
©  Оноре де Бальзак
Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың..
©  Халел Досмұхамедұлы
Білімдар жөнді біліп «бекін» дейді,Ақылмен іс істеген өкінбейді.Білмеген талай жұмыс істей жүріп,Амал жоқ түбінде сол опық жейді.
©  Иүгінеки Ахмед
Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай - ғылым, білім беру жүйесі сақталу керек. 
©  Ыбырай Алтынсарин
Ғылымдардың ұдайы жасарып-жаңғырып тұруының құпиясы – олардың қашанда ой жаңартуға әзір тұратындығында.
©  Дидахмет Әшімхан
Ғылым үшін тіл мен жазу - қаймағы алынбаған мәдени игілік.
©  Дидахмет Әшімхан
Адамдардың бiрi игiлiктi — билiктен, екiншiлерi — бiлiмге құмарлықтан, ғылымнан, үшiншiлерi — рахаттан iздейдi. 
©  Блез Паскаль
Өзіңнің және өзгенің оқуына арнап кітаптар таңдау тек ғылым ғана емес, сонымен қатар өнер де. 
©  Николай Рубакин
Математика - ақиқат дүниесінің сандық қатынастары мен кеңістік формалары жайлы ғылым. 
©  Фридрих Энгельс