Білім туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 214
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 37
Өлеңдер: 112
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 222
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер: 19
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 8

Ілім де білім де тек Алла қалаған кезде қонады. Өзім игерем деуің бекершілік.
©  Нұрхалық Абдырақын
Қанша жылыңды әлде біреулердің жасап қойған жүйесіне беріп жанбағыс қамы деп, пайдасыз білімді қуып болдың ба? Енді шын пайдалы білімге бұрыл.
©  Нұрхалық Абдырақын
Білім пайдалы болса шам шырақ, пайдасыз болса нақ тұзақ.
©  Нұрхалық Абдырақын
Ең төменгі деңгейде жетерлік дүниең болса соған қанағат етте, иманыңды толықта, білім ал. Алланың сені жартудағы өз мақсатыңды орында.
©  Нұрхалық Абдырақын
Ғылым білімге қонады, ғылымсыз білім тым құрғақ. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Оқу, білім — жанған шырақ ойласаң,Үйренерсің, іздеп көрсең — қалмасаң.Қу өнерді, бу беліңді, жегер сал,Пайда аларсың, қаужанарасың, тоймасаң. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Білімі жоқ болсада, дипломы атағы болса болды, сол мықты маман есептеледі.
©  Нұрхалық Абдырақын
Білімге ұмтылғаны үшін ешкімді қорламаңыз Мектепте ботаниктарды қудалау рәсімі бар. Абайлаңыз - олар сізді болашақта жұмысқа алады.
©  Билл Гейтс
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады 
©  Константин Ушинский
Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат. 
©  Константин Ушинский
Мылтық - оқудан соңғы өнер.
©  Ақан Сері
Білімің болсадағы ұшан-теңіз,Пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей.
©  Шал Құлекеұлы
Адамның жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалауымыз керек
©  Уинстон Черчилль
Мектептің білім берумен еш байланысы жоқ. Ол балалардың қарым-қатынас жасауын бақылайтын институт.
©  Уинстон Черчилль
Мен көп нәрсені білмейтінімді білемін, алайда басқалар мұны да білмейді.
©  Сократ
Тек бір ғана жақсылық бар ол - білім, тек бір ғана жамандық бар ол - надандық.
©  Сократ
Жақсылық дегенiмiз даналық пен бiлiм.
©  Сократ
Оқысаң ғылым қорын білім асар,Көңілдің кіршік басқан көзін ашар. 
©  Шәңгерей Бөкеев
...үрей атаулының бәрін білім жеңеді. 
©  Виссарион Белинский
Бiлiмсiздiк — бұл ымырт, оны жамандық кезiп жүредi. Көшенi жарықтандыруды ойласаңыздар, мархабат, ең бастысы ақыл-ойды ағартуды ойласаңыздар екен. 
©  Виктор Гюго
Бар қайғыдан құтқарар жалғыз дәру — ақыл мен жанның қызметiн арттыру, бұған бiлiм алудың шеңберiн кеңейту арқылы қол жеткiзiледi. 
©  Виктор Гюго
Егер кім де кім эрудициясы мен білімділігін басқалардан артық көріп, мұрын шүйірсе, ойлау дәрежесінің төменгі деңгейде болғаны. 
©  Эрнест Хемингуэй
Ақыл мен білім бізге көбіне керек емес кезде келеді. 
©  Габриэль Гарсиа Маркес
Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады. 
©  Халел Досмұхамедұлы
Жұмбақ айтыс дамымай мүлде тасада қалды. Ешкімнің ойланғысы, мүлде кітап оқығысы жоқ. Бұл айтысқа көп білім керек.
©  Әселхан Қалыбекова