Жау туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 167
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 129
Нақыл сөздер: 66
Әңгімелер: 5
Аңыздар: 2

Жауға – жалынба, досқа – тарылма.
©  Мұхтар Әуезов
Аяқтан шалма, қапыда қалма.
Жан беріп, жан алысар жорықта,
Жауым көп деп қорықпа.
Жауың басынса - жолың жабылар.
©  Тоныкөк
Жауыңды - басындырма, халқыңды - ашындырма.
©  Тоныкөк
Қағансыз ел - кіріптар.
Біріккен батыр жау алар.
©  Тоныкөк
Жауға қарсы шаппаған, аяғына жығылар.
©  Тоныкөк
Тізесі бүгілген жау әлі де көтерілуі мүмкін; татуласқан дұшпан әбден жеңілген деуге болады.
©  Фридрих Шиллер
Жарамсақтар — жаудың ең жаманы.
©  Тацит Корнелий
Жауыңды жақсылап танып алсаң, кейін оның досына айналасың.
©  Маргарет Тэтчер
Мен жауларымды қырып-жойып жеңбеймін, оларды өз достарыма айналдырамын.
©  Авраам Линкольн
Жердің сөлін жер жуар,
Елдің кегін ер қуар.
Дауыл тұрса бұлт қуар,
Жердегі жауды жұрт қуар.
©  Жамбыл Жабаев
Табалдырықтан биік тау жоқ,
Жаман ағайыннан асқан жау жоқ.
©  Сырым Датұлы
Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
©  Бауыржан Момышұлы
Жаудан қашып емес, қорғанып және шабуылға шығып құтыла аласың.
©  Бауыржан Момышұлы
Өз жауыңды кешіргеннен артық атақ жоқ.
©  Фрэнсис Бэкон
Жауыңмен жарықта жүргеннен, досыңмен қараңғыда жүрген жақсырақ.
©  Хелен Адамс Келлер
Ой жетпейтін жер болмайды, күлкі жеңбейтін жау болмайды.
©  Бауыржан Момышұлы