Қайғы туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 44
Тақпақтар: 10
Өлеңдер: 207
Нақыл сөздер: 53
Туындылар: 2
Әңгімелер: 5
Поэмалар: 1
Эсселер: 1

Махаббат – қашып құтыла алмайтын қайғы. 
©  Әл-Хорезми
Сен - өзіңнің ойларыңмен, уайым-қайғыларыңмен, қорқыныштарыңмен, жаратылған ғажайып жаратылыссың. Тұнып тұрған мөлдір бұлақсың. Ғажап жаратылыс..
©  Шәмс Тебризи
Ғашықтар жүрген жерде қайғы да бар.
 
©  Саиф Сараи
Сен әлемді жаулап алма, өйткені, онда сансыз қайғы-қасірет бар, сен одан да адамның жан дүниесін меңгер, оларда қанша әлем бар екенін көресің. 
©  Мұхаммед Хайдар Дулати
Қам көңілдің қайғысына дауа бол,Жолда шаршап шалдыққанға сая бол. 
©  Қожа Ахмет Яссауи
Мен де соққы жедім деп сұм дүниеден,Көп жазым ем - оныма өкіндім мен.Ойласам: көрген бейнет, тартқан қайғы,Болыпты не біреуден, не өзімнен. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Махаббат деген бір түрлі сезім ғана, бұл сезім уақыттың өтуімен, жасаған ортаңның ауысуымен бірге өзгеріп отырады. Егер күндердің бірінде сүйгеніңнен..
©  Джек Ма
Малы көптің - қайғысы да көп. 
©  Құтып
Қайғы да - өтеді, қуаныш та - өтеді, дәурен де - өтеді: тек өкініш қана қалады. 
©  Құтып
Қайғылының көзінше қарқылдап күлме. Қайғы да мәңгі тұрмайды. 
©  Құтып
Өткенге көп көз сала бермеңіз, болашағыңызға қайғырыңыз. 
©  Дейл Карнеги
Өткенге көп көз сала бермеңіз, болашағыңызға қайғырыңыз. 
©  Дейл Карнеги
Кiм көп бiлсе, сол көбiрек қайғырады. Ғылым бәйтерегi дегенiмiз өмiр шынары емес пе?
 
©  Джордж Байрон
Жырла да, зарла, көңілім, қалың қайғың қайнасын. Қиялдың құсы егіліп, іштегі дертті айдасын. 
©  Бернияз Күлеев
Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.
©  Абай Құнанбаев
Қайғысыздың бәрі асау.
©  Абай Құнанбаев
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
©  Абай Құнанбаев
Қайғыны жалғыз көтеруге болады, бірақ бақытқа екеу керек.
©  Элберт Хаббард
Махаббат-бұл қуаныш, ол күн сәулесі сияқты, барлық қайғы-қасірет, сәтсіздік пен қамқорлық арқылы өмір сүреді.
©  Эрнст Тельман
Бір адамды бақытты етіп, жүзіне - мұң көлеңкесін, жанына - қайғы ізін түсірмеу әркімнің қолынан келеді.
©  Сағатхан Әшімбаев
...Ләйліге ұқсап көп арулар бізді ұқпас,
Мәжнүн ғана қайғы-шерге қамалар.
©  Әбул-Хасан Рудаки
Егер алдыңызда тұрған мәселе шешілетін болса, сары уайымға салынудың қажеті жоқ. Егер шешілмейтін мәселе болса, ол үшін қайғырудың мән-мағынасы жоқ.
©  Далай-Лама
Таудан биік көңіл бар, теңізден терең ғылым бар, оттан бетер - қайғы-зар.
©  Сырым Датұлы
Ашу қысса ақырасың,
Қайғы басса, аһ ұрасың,
Қорықсаң бас ұрасың,
Қуансаң шарқ ұрасың,
Ендi неңдi жасырасың?!
©  Мағжан Жұмабаев
Қайғыны жалғыз көтеруге болады, бірақ бақытқа екеу керек.
©  Элберт Грин Хаббард