Тәрбие туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 236
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 31
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 122
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 2
Әңгімелер: 33
Шығармалар: 5
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 21

Жақсы тәрбиенің өнімі - адамның өзінің қадір-қасиетіне сәйкес өзін-өзі ұстай алуы. Кез келген тәкаппар адам мұндай адамды құрметтеуге мәжбүр болады.
©  Филип Честерфилд
...еңбек тәрбиесіне баса назар аудару керек. Еңбекке тәрбиелемей тұрып, балаға дұрыс тәрбие бердім, — деп айту екі талай.
©  Спандияр Көбеев
Өз өмірлік тәжірибесін жан-жақты байытпай тәрбиелеу - сандырақ.
©  Эрнст Тельман
Бала тәрбиесінде әке мен шешенің мүмкіндігінше бірдей араласуы үшін, отбасы тәрбиесін жоғары дәрежеде дұрыс жолға қою қажет.
©  Пётр Каптерев
Жасында торай болғаннан үлкейгенде шошқа шығады.
©  Владимир Маяковский
Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай..
©  Жан-Жак Руссо
Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ...
©  Цицерон
Тәрбиедегі мақсат - адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару.
©  Мағжан Жұмабаев
Тәрбие – кең мағынасымен алғанда, қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.
©  Мағжан Жұмабаев
Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.
©  Мағжан Жұмабаев
Шындық – бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал.
©  Бауыржан Момышұлы
Бала тəрбиесі — мемлекеттің маңызды міндеті.
©  Платон
Кісі айыбын ашып айтқаннан, жапқан жақсы.
©  Жүсіп Баласағұни
Бала нені білсе жастан, ұядан -
Өле өлгенше соны таныр қиядан.
©  Жүсіп Баласағұни
Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
©  Жүсіп Баласағұни
Өзіңнен ұл, қыз туса, ей азамат!
Қолда өсір - ұстай көрме алыста жат.
Мейірімді, таза болса тәрбиесі,
Баланың еркін өсер тәртібі-есі
©  Жүсіп Баласағұни
Өнер біткеннің барлығы сияқты, тәрбие өнері де табиғаттың кемістігін толтыруды мақсат етеді.
©  Аристотель
Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие.
©  Лев Толстой
Тәрбие дегеніміз — тәрбиеленушілерді белгілі бір адамгершілік дағдыларын меңгеруге көндіру мақсатымен бір адамның екінші адамға жасайтын ықпалы.
©  Лев Толстой
Бала тәрбиелеу — шындап келгенде, өз-өзіңді тәрбиелеу.
©  Лев Толстой
Ешкімде іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.
©  Бауыржан Момышұлы
Тәрбиелі — тәртіптің құлы.
©  Бауыржан Момышұлы