Әйел туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 34
Мақал-мәтелдер: 174
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 214
Нақыл сөздер: 137
Құттықтау, тілектер: 16
Туындылар: 1
Әңгімелер: 83
Ертегілер: 1
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 25
Аңыздар: 2
Эсселер: 1

Махаббат-бұл көпір партиясы, онда бәрі жарқырайды: ер адамдар – жеңу үшін, әйелдер – жоғалмау үшін.
©  Альфред Хичкок
Ең қайырлы кісі бала-шағасына және әйеліне көп пайдасын тигізетін адам. 
©  Абдул-Қадір Гилани
Асыл болса алған жар - ханым емей немене,Жайлы болса мінезі - жаның емей немене. 
©  Қазақтың би-шешендері
Бұл жалған дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болады? Түзу мылтық, қыран, жүйрік аты бар, мінез-құлқы мінсіз әйелі бар ердің төрт құбыласы тең..
©  Қазақтың би-шешендері
Жаман болса жолдасы - әйелдің түскен торы да,Шыға алмайтын мұңылықтың қазылған терең оры да. 
©  Қазақтың би-шешендері
Алған жарың жақсы болса - ат үстінен дүбір ет,Алған жарың жаман болса - шиге кіріп сыбыр ет. 
©  Қазақтың би-шешендері
Тон бітпеске тон бітсе - қағуменен тоздырар.Жаман әйелге қоң бітсе - ер жігітті аздырар. 
©  Қазақтың би-шешендері
Жаман әйел - жақсы еркектің соры.
 
©  Саиф Сараи
Әйел болмаса еркек есінен, еркек болмаса әйел ажарынан айрылады.
 
©  Антон Чехов
Ерлер төрт, ал әйелдер алты сағат ұйықтауы керек. Одан артық тек балалар мен пессимистер ғана ұйықтайды.
 
©  Наполеон Бонапарт
Қоғамның әйелдер секілді бір ғана құқығы бар: ол басқарылуға бейім болу.
 
©  Наполеон Бонапарт
Мен үшін ең қиын соғыс — әйелім Оливиемен болған соғыс. 
©  Александр Македонский
Әр нағыз еркекте ойнағысы келетін жасырын бала болады. Олардан баланы тауып алыңыздар, әйелдер! 
©  Фридрих Ницше
Нағыз еркек екі нәрсені ұнатады: қатер және ойын. Қатерлі ойыншық болғандықтан ол әйел затын сүйеді. 
©  Фридрих Ницше
Егер менің көршім өз әйелін күнде соққанда, мен олай етпесем, әлемдік статистика бойынша екеуіміз де екі күнде бір әйелдерімізді ұрған..
©  Бернард Шоу
Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. 
©  Николай Пирогов
Жақсы әйел ұл туса - патшадан болмас кемдігі. 
©  Бұқар жырау
Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңеді 
©  Ғабит Мүсірепов
Біз әйелді әйел сыңайынан таныған елміз. 
©  Ғабит Мүсірепов
Қазақ әйелі аз ғана жәрдем бергеніңді ұмытпайды, тезірек еселеп қайтаруға тырысады... 
©  Ғабит Мүсірепов
Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе - қасиет, Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе - қасірет. 
©  Ғабит Мүсірепов
Әйел шынымен жылап алса, ажарланып кетеді. 
©  Ғабит Мүсірепов
Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді. 
©  Ғабит Мүсірепов
Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті..
©  Ғабит Мүсірепов
Қазақ әйелін "жан жолдасым" дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой. 
©  Ғабит Мүсірепов