Мінез туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 7
Мақал-мәтелдер: 33
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 141
Нақыл сөздер: 97
Туындылар: 35
Әңгімелер: 11
Шығармалар: 4
Эсселер: 3

Адамның мiнезiн ол сенiң бастығың болған кезде шын қырынан танисың. 
©  Ремарк Эрих Мария
Мінездің әлсіздігі әдетте шахмат ойыны кезінде көрінеді.
©  Гарри Каспаров
Қоғам дегеніңіздің өзі адамдар мінез-құлқының жиынтығы емес пе?
©  Бегалиев Нармахан
Жақсы мінез - жомарттық.
©  Иүгінеки Ахмед
Жаман мінез жанға опа бермес.
©  Иүгінеки Ахмед
Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.
©  Әлихан Бөкейханов
Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ.
©  Әлихан Бөкейханов
Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.
©  Әлихан Бөкейханов
Білім - біліммен, мінез - мінезбен. Көп оқыса, зейінді болса - білімді болмақ, ал мінезі жақсы бола ма әлде жаман бола ма - мұны құдай біледі.
©  Әлихан Бөкейханов
Мінезің — тағдырың. 
©  Гераклит
Жақсы мінез бір сәтте емес, ұзақ уақытта қалыптасады. 
©  Гераклит
Ыстық су мұзды қалай ерітсе, жақсы мінез де қателерді солай ерітеді. Сірке суы балды ірітіп жібергені сияқты, жаман мінез де жақсылықтарды..
©  Хадис шәриф
Сенімен араздасқан адамға барып татулас! Зұлымдық еткен адамды кешір! Жамандық жасаған адамға жақсылық жаса! 
©  Хадис шәриф
Араларыңдағы ең жақсыларың — ең көркем мінезді болғандарың. 
©  Хадис шәриф
Жақсы мінез - жылы жүз, жылы сөз, жақсылық жасау және жамандық жасамаудан тұрады. 
©  Хасан Басри
Егер адам құлағаннан кейін тұрса — бұл физика емес. Бұл мінез.
©  Майк Тайсон
Мұсылман өзінің ішіндегі пасық мінезін біліп, күресуі қажет. Ал Құдайға сенбейтін адам, өзінің Құдайға сенімі жаратылысынан бар екенін мойындауы..
©  Шәмс Тебризи
Асыл болса алған жар - ханым емей немене,Жайлы болса мінезі - жаның емей немене. 
©  Қазақтың би-шешендері
Бұл жалған дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болады? Түзу мылтық, қыран, жүйрік аты бар, мінез-құлқы мінсіз әйелі бар ердің төрт құбыласы тең..
©  Қазақтың би-шешендері
Ізгі оймен ашқан есікті - қатты жаппа.Жұрт қашардай - қатты болма,Жұрт таптардай - жуас болма.
 
©  Саиф Сараи
Адам өз ойы арқылы өз мінезін қалыптастырады.
 
©  Иоганн Вольфганг фон Гёте
Адамның мінезі жайлы білгіңіз келсе, оның өзіне пайда әкелмейтін адамдармен қалай сөйлесетініне назар аударыңыз.
 
©  Иоганн Вольфганг фон Гёте
Адамдардың мінезі олардың нені күлкілі санайтындарынан бәрінен гөрі жақсы көрінеді.
 
©  Иоганн Вольфганг фон Гёте
Арғымаққа міндім деп артқы топтан адаспа. 
©  Асан қайғы
Мінезі жаман адамға — енді қайтып жуыспа,Тәуір көрер адаммен — жалған намыс қуыспа. 
©  Асан қайғы