Жол туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 11
Мақал-мәтелдер: 147
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 20
Өлеңдер: 350
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 71
Баталар: 10
Туындылар: 4
Әңгімелер: 45
Ертегілер: 2
Поэмалар: 5
Шығармалар: 5
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 2
Эсселер: 4

Жай ғана өз жолыңды жалғастыра бересің.
Шөл далада жалғыз өзің келе жатсың, ол жолмен әлі ешкім жүрген жоқ. 
Балық сусыз өмір сүре алмайды. Адам адамдарсыз өмір қадірін біле алмайды. Қайғы мен азаптағы жан жарқылдап жүре алмайды. Анасы тастап кеткен бала..
©  Әкім Ысқақ
Жай ғана алға қадам бас, жолдар өздері-ақ ашылып шыға келеді. 
©  Стив Джобс
Күналы ортадан тез кет. Жаның қалаған жердің өзіне, аз кем ойланып, жолға шық!
©  Нұрхалық Абдырақын
Жолдан кешігем деп, намазда өте қатты асықпа, сол жолыңды оңғарғалы тұрған сен сәжде жасап жатқан Алла.
©  Нұрхалық Абдырақын
Мен әрқашан қатал сынға қарамастан, өз жолымды жалғастыра беремін.
©  Владимир Кличко
Біздің өміріміз — біржақты қозғалыстағы жол секілді. Сол себепті өз бұрылысыңды өткізіп алмау маңызды, себебі кері қарай жол жоқ.
©  Уинстон Черчилль
Тау мен дала жолы тоқсан тарау ғой, балам,– дейді шал сақалын тарамдап.- Жол дегенің, балам, тарам-тарам таралап, балалап, шар тарапқа созылып..
©  Захардин Қыстаубайұлы
Таза жүрген жол таба алмай торығып,Өсіп жүр ғой арам жолға түскендер.
©  Иүгінеки Ахмед
Көтерілетін жол мен төмен түсетін жол — бір жол. 
©  Гераклит
Найзағай бәріне жол сілтейді. 
©  Гераклит
Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз.
 
©  Нұрсұлтан Назарбаев
Біздің көпшілігіміз үшін тәжірибе-бұл тек өткен Жолды жарықтандыратын кеменің артқы шамдары.
©  Сэмюэл Тейлор
Шабытыңның соңынан ер, сонда әлем сізге кедергі болған жерден де есіктерді айқара ашады. 
©  Джозеф Кэмпбелл
Мен үшін қорқыныштан арылудың жалғыз жолы – олар туралы фильм түсіру.
©  Альфред Хичкок
Әділ жол мақсатқа жеткізеді.
 
©  Саиф Сараи
Ресейде жол жоқ, тек бағыт қана бар.
 
©  Наполеон Бонапарт
Егер сені мақтаса, онда білгенің жөн, сен әлі де болса өз жолыңда емессің, басқалар үшін ыңғайлы жолдасын. 
©  Фридрих Ницше
Еңбек – ақыл мен мәдениеттің бүкіл адам баласына ортақ мерекесіне апаратын тура жол.
 
©  Максим Горький
Қам көңілдің қайғысына дауа бол,Жолда шаршап шалдыққанға сая бол. 
©  Қожа Ахмет Яссауи
Шың басынан алға апаратын жол тек төменге қарай кетедi. 
©  Төле би
Алла деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас. 
©  Бұқар жырау
Шын жолында сөйлесең — басыңа келер пәлесі. 
©  Бұқар жырау
Ғашықтың жолы ауыр жол, Билетпей бейіл соқпа қол.
 
©  Әлішер Науаи