Жамандық туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 40
Өлеңдер: 26
Нақыл сөздер: 38
Туындылар: 1
Әңгімелер: 8
Ертегілер: 2

Саған жамандық қылғанға,Әрдайым жақсылық қыл.
©  Белгісіз
Жамандыққа жамандықпен жауап берсең, сенде не қадір қасиет қалады ?!
©  Белгісіз
Біздің артықшылықтарымызға қарағанда, жасаған жамандығымыз құдалау мен жек көрушілікке азырақ ұшырайды. 
©  Франсуа де Ларошфуко
...көркем кітап оқуға әуестігім азайып бара жатыр, сондықтан осының өзі менің жан дүниеме келген жамандықтың белгісі ме деп қорқам. 
©  Чарльз Дарвин
Тек жамандық пен жәбірді жинай берген адам жазушы бола алмайды. 
©  Ғабит Мүсірепов
Адам бәріне де қабілетті. Одан жақсылықты да, жамандықты да күтуге болады. Сол мені қынжылтады. Сондықтан күндіз-түні жаратқаннан тек адал, ақкөңіл..
©  Сергей Довлатов
Кейде бір жамандықтан кейін екінші жамандық күтіп тұрады. Алайда оған бола өмірден түңілудің керегі жоқ. Әлі алда талай тамаша күн туатынына..
©  Александр Куприн
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.
©  Мұхтар Әуезов
Ашуды — байсалдылық, жамандықты — жақсылық, сараңдықты — жомарттық, өтiрiктi — шындық жеңсiн.
©  Будда
Жамандықты жазаламаған адам оның жасалуына жәрдемдеседі.
©  Леонардо да Винчи
Өзiңе тiлемеген жамандықты басқаға да тiлеме. Өзiңе iстеген жақсылықты басқадан қызғанба.
©  Мағжан Жұмабаев
Сабыр етсең - ісің оңға асады,
Шүкір қылсаң - жамандық та қашады.
©  Жүсіп Баласағұни
Бiлмеуден қорықпа, жалған бiлiмнен сақтан. Дүниедегi бар жамандық осыдан басталады.
©  Лев Толстой