Жақсылық туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 74
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 76
Нақыл сөздер: 67
Құттықтау, тілектер: 18
Туындылар: 1
Әңгімелер: 15
Ертегілер: 2
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 3

Дегендер «Мен жақсымын» толып жатыр,Жақсылығы өзiнен артылмаған…Бәрiнен тыныш ұйқтап жатқандар көп,Ұмтылып, талап ойлап..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұялмаймын. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жақсылық — бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі. 
©  Марк Твен
Жақсылықты үйреткен мектеп – бақытты мектеп. 
©  Ян Амос Коменский
Адам бәріне де қабілетті. Одан жақсылықты да, жамандықты да күтуге болады. Сол мені қынжылтады. Сондықтан күндіз-түні жаратқаннан тек адал, ақкөңіл..
©  Сергей Довлатов
Біреуге бір жақсылық жасап, одан бірден алғыс күтуге болмайды.
 
©  Александр Куприн
Біз барлық жақсылықты өзіміз оңаша қалғанда жасаймыз. Себебі жалғыз отырғанда көп нәрсені ой елегінен өткізуге мүмкіндік болады. 
©  Михаил Литвак
Жақсылық - ұмыт, жаңылыс - кек.
©  Абай Құнанбаев
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.
©  Мұхтар Әуезов
Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бәйтерекше, тұл болады да қалады.
©  Мұхтар Әуезов
Жақсылық пен ақиқат, егер олар тамыр жайған болса, әрине, қудалануға болады, бірақ оны ұзақ уақытқа басуға болмайды.
©  Эрнст Тельман
Ашуды — байсалдылық, жамандықты — жақсылық, сараңдықты — жомарттық, өтiрiктi — шындық жеңсiн.
©  Будда
Құдайдың жақсылығы басыңда тұр.
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Жалпы адамзаттың жақсылығына сену — адамгершіліктің ең биік белгісі.
©  Мағжан Жұмабаев
Өзiңе тiлемеген жамандықты басқаға да тiлеме. Өзiңе iстеген жақсылықты басқадан қызғанба.
©  Мағжан Жұмабаев
Егер қолыңнан келсе қайда да болса халқың үшiн жақсылық қыл. Сөзiң де, қылығың да жақсы болсын.
©  Жүсіп Баласағұни
Қарапайымдылық, жақсылық пен ақиқат жоқ жерде ұлылық та жоқ.
©  Лев Толстой