Дүние туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 42
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 516
Нақыл сөздер: 132
Әңгімелер: 35
Поэмалар: 2
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 3

Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткіз сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Бес күндік жалған дүниеде таусылмас рухани азық жи, ал өзіңе жететін ғана дүние жи. Ақырет ісі мен дүние ісі қатар келсе ақырет ісін таңда.
©  Нұрхалық Абдырақын
Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар. 
©  Білге қаған
Махаббат бір аққу құс емес пе: өзі де сәнді, әні де сәнді. Дүниеде аққудан әдемі құс бар ма? Сондай-ақ махаббаттан әдемі, одан қымбат адамға сезім..
©  Ілияс Есенберлин
Адамның көңілін жеңілдетер, жанын жібітер махаббаттан артық күш жоқ. Қызды сүйген жігіт қандай азапқа болса да көнуге бар, ал баласын жақсы көрген..
©  Ілияс Есенберлин
Дүниеде махаббат болмаса, табиғаты сараң кісі бұрынғысынан да сараң, ал жаратылысы қатты адам одан да қатулана түсер еді.
©  Ілияс Есенберлин
Дүние жеткізбейді ойласаң да,Жақсы артық әзілдесіп ойнасаң да.
©  Ақан Сері
Дүние адастырар қуғаннан соң,Шырмайды қол-аяғың буғаннан соң.Дүние – аз күншілік фани жалған,Басыңнан қайғы кетпес туғаннан соң.
©  Ақан Сері
Қаршыға әлсіз болса қаз алмайды,Ер жігіт малсыз құлаш жаза алмайды.Бұл дүние – жұртты алдайтын бейне базар,Әр адам өз әлінше базарлайды.
©  Ақан Сері
Бұл дүние — баяны жоқ бір кең сарай.
©  Ақан Сері
Азғантай дүниесі бар адам кедей емес, көп дүние қалайтын адам кедей.
©  Сенека
Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ.
©  Қорқыт ата
Дүниеге келмей бақ,Келсең бірақ өлмей бақ.
©  Қорқыт ата
О, қызыл тіл, құдыретің соншамаСарқылмайсың сөз жаңбырын құйып кіл,Мынау дүние қаншама үлкен болса даТиттей саған сыйып тұр!
©  Сарыбаев Қаныбек
Жалған да жарық дүние! Бізден де бір күн қаларсың! 
©  Шәңгерей Бөкеев
Құйрық атып құлия,Түлкідей қашқан жылмия.Қараңды үзіп барасың,Бізден де, қайран дүния. 
©  Шәңгерей Бөкеев
Егер біреуге өзіңді мазақтауға мүмкіндік берсең, адамдар оны шын қабылдамайды. Және тап осы адамдар қалжыңдасып барлық дүниені ішіңе сақтау мүмкін..
©  Эрнест Хемингуэй
Қанша тырыссаңыз да, о дүниеге аттану оңай емес. 
©  Габриэль Гарсиа Маркес
Адам дүние есігін анадан туған кезде ғана бір-ақ рет ашпайды. Өмір адамды қайта-қайта жаңадан тууға мәжбүрлейді. 
©  Габриэль Гарсиа Маркес
Адам өзі бұзылса, оған барлық дүние құрығандай көрінеді. 
©  Михаил Лермонтов
Андысқан мына дүниеде - біреуге-біреу табашы.Жігіттің бағы қайтады - ағайын-жұртын алдаса. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Дүниенің малын жыйса да сараң тоймайды.
©  Иүгінеки Ахмед
Дүние бірде - бал, бірде - у ұсынар.
©  Иүгінеки Ахмед
Дүниеде не болса да бірте-бірте аздап ілгері басып болады.
©  Әлихан Бөкейханов