Жаман туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 393
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 69
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 93
Туындылар: 1
Әңгімелер: 7
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1

Қанмен бекітілген достықты жаннан безген жаман бұзады.
©  Тоқсары
Жақсы адамдардың жүрегінде жақсы, жаман адамдардың жүрегінде жаман ойлар жүреді.
©  Ибн Хиббан
Халықпен - қастаспағайсың, жаманмен - достаспағайсың.
©  Шортанбай Қанайұлы
Тек жамандауға немесе мақтауға тұрарлық адам жоқ, болған емес және болмайды да.
©  Будда
Кедей болар керi кеткен, ұйқысы мол,
Сайрап келiп тұрады үш қара жол.
Кедейлiктiң бiр үлкен жерiк асы,
Жаман қатын бар үйден үзбейдi қол
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Жаманға ұйқы – жолдас, тамыр – тамақ, Болмайды көңілінде басқа талап.
©  Жамбыл Жабаев
Жаманның көңілі көкте, жерде басы,
Алыс қой аңғарғанға екі арасы.
Жақсының өзі кішік, ойы биік,
Бірдей ме екеуінің мәртебесі?
©  Жамбыл Жабаев
Табалдырықтан биік тау жоқ,
Жаман ағайыннан асқан жау жоқ.
©  Сырым Датұлы
Жақсы командир жауынгерін зор етеді,
жаман командир офицерін қор етеді.
©  Бауыржан Момышұлы
Түзу қисықпен жараспас,
Ез игіге қараспас.
©  Жүсіп Баласағұни
Қорқақ дос, дұшпаннан да жаман, Өйткені, дұшпаннан сақтанасың, ал досқа сеніп қаласың.
©  Лев Толстой
Адамды алғаш көргенде қалыптасатын пiкiр әдетте көп ұзамай өзгередi, ал бұл өзгерiс болғанша, адам туралы не тым жақсы, не тым нашар ойлайсың.
©  Лев Толстой
Бiр нәрсенi өте iстегiң келген әрбiр жағдайда тоқта да ойлан: iстегiң келген нәрсең жақсы ма, жаман ба?!
©  Лев Толстой
Ұнамсыз iстердi жасыру жақсы емес, бiрақ оларды ашық iстеп, мақтан тұту одан да жаман.
©  Лев Толстой
Әрқашан адамдардың жаман жақтарын емес, жақсы қасиеттерiн көре бiл.
©  Лев Толстой
Адамдардың жаман екенін, жақсы екенін ажыратушы мен емеспін, өйткені өзім де со­лар­дың бірімін.
©  Мұқағали Мақатаев
Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, ал жаман адамды қөргенде өзіңді-өзің зертте.
©  Конфуций
Осы күні көптеген ірі баспасөз құралдары бір ғана сұраққа жиі жауап іздеуге тырысады: «Бүгін жер бетінде қандай жаман жағдай орын алды?». «Қандай..
©  Илон Маск