Күдік туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 1
Өлеңдер: 40
Нақыл сөздер: 9
Әңгімелер: 4

Күдік біздің бүкіл өмірімізге нəр беріп тұрақты шығармашылық күшке айналуға тиіс.
©  Лев Шестов
Өмірге күдікпен қарауға толық негіз бар: оның бізді ең бір үмітті сəттерімізде сан рет сан соқтырып кетіп жүргені өтірік пе.
©  Лев Шестов
Махаббат күдік дегеннің не екенін білмейді: тек жүректегі ғана дұрыс деген сеніммен өмір сүреді.
©  Гастон Башляр
Бала ересектерге сенгендіктен барып көп нəрсе үйренеді. Күдік сенімнен кейін келеді.
©  Людвиг Витгенштейн
Күдік келтіру ойынына қатысудың өзі – сенімділік.
©  Людвиг Витгенштейн
Жетелеп атақ, ізгі үміт,Ертеңге сенем, жоқ күдік.
©  Александр Пушкин
Егер әлдекімнің шын сөйлегеніне күдіктенсең, онда өтірік болса да оған сенген қалып таныт. Ондайда ол одан сайын өзіне сеніп, жүректі түрде тіпті де..
©  Артур Шопенгауэр
Күдік туса қасиеттілік санамыздан қашады. 
©  Гераклит
Күдіктер – сатқындар: байқап көруден үркітіп, олар көбінесе–ақ біздің ие бола алатын игілігімізден мақұрым қалдырады. 
©  Уильям Шекспир