Жүрек туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 63
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 16
Өлеңдер: 985
Нақыл сөздер: 96
Баталар: 1
Туындылар: 5
Әңгімелер: 18
Поэмалар: 1
Аңыздар: 2
Эсселер: 2

Жүрек ақаулардың ұшымен қатты шаршайды.
©  Jah Khalib
Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады.
©  Ілияс Есенберлин
Жүректі шын күйдірсе, махаббат азабының өзі де бір қуаныш емес пе? Иә, зор қуаныш. Өйткені жүрек күю үшін шын махаббат, зор махаббат керек. Ал, ондай..
©  Ілияс Есенберлин
Аққуды атуға, махаббатты қорғауға болмайды! Махаббат әні – аққу әні. Оның сұлу ырғағын естудің өзі адамның өмірдегі бір тәтті арманы емес пе?! Әрине..
©  Ілияс Есенберлин
Шын махаббат бар да, махаббатпен ойнау бар. Шын жақсы көру – өмір бақи сәулесін, сұлулығын жоғалтпайтын гауһар тас. Кімде-кім шын сүйсе, өз сезімін..
©  Ілияс Есенберлин
Жүрек сұлтан нәпсіге.
©  Ақан Сері
Ақын еңбегінің жалғыз өлшемі – оның адам жүрегіне қанша жақындай алғаны. 
©  Әбіш Кекілбаев
Ақын үшін ең зымыран тұңғиық та — жүрек, ең шырқау биік те — жүрек. 
©  Әбіш Кекілбаев
Ақиқаттың мекені — жүрек.  
©  Әбіш Кекілбаев
Қазіргі тарихта инабатты әрі сұлу, бірақ жүрегінен айрылған жаңа әйедердің тобы пайда болды. 
©  Михаил Лермонтов
Бос жүрек үнемі бірқалыпты соғады. 
©  Михаил Лермонтов
Қазақтың жүрегі тоқтамасын, өнердің жүрегі тоқтамасын деп отырғаным сол. Өнерін өлтіріп алған қазақ ел болып оңбайды, елінен айнып қалған жүрек..
©  Әшірбек Төребайұлы
Жаным – жалын, жүрегім – от, ой да – алау
©  Алдияр Бақытжан
Даналардың сабырлылығы - бар болғаны олардың өз сезімдерін жүрек түбінде жасыра білуі. 
©  Франсуа де Ларошфуко
Жүрек үнемі ақылды ақымақ қылады. 
©  Франсуа де Ларошфуко
Бiздiң шын жүректен және асыға күтерiмiз бiр ғана нәрсе, ол атамекенiмiздiң орыс пролетариаты диктатурасынан құтылуы. Бiз барлық жерлестерiмiздi осы..
©  Мұстафа Шоқай
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. 
©  Ыбырай Алтынсарин
Өмірдің мақсаты — жүрегіңді ғаламмен жараса соғуға дағдылау, болмысыңды әлеммен үйлестіру. 
©  Джозеф Кэмпбелл
Жүрек кімді қаласа - сол сұлу.
 
©  Саиф Сараи
Саясатта жүрек болмайды, тек қана бас болады.
 
©  Наполеон Бонапарт
Сақтауға қажет бір асыл болса – алдымен жүрегіңді сақта, өйткені өмір бастауы – сол жүрек. 
©  Уильям Гарвей
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Өлең үйіріліп көкейіңе ұйып жатсын, тазартып жүрек кірін жуып жатсын. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы