Ғабит мүсірепов туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 18
Нақыл сөздер: 10
Әңгімелер: 10
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 4

Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңеді 
©  Ғабит Мүсірепов
Кедейге кепесінің төбесіне шығып тұруы да үлкен мақтаныш. 
©  Ғабит Мүсірепов
Тіл сөйлеу-сөйлесу, оқу-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі. Бұл үшеудің біріне көңіл аудармау - үлкен қылмыс. Этика, эстетика дегендердің тым нәзік..
©  Ғабит Мүсірепов
Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек. 
©  Ғабит Мүсірепов
Ұшқыр ой, ізденгіш ой, тапқыр ой - ол бір адам. Құр кеуде, жұрттан көргенді өзімдікі дейтін, басқаның ойын иемденіп, іске асырарда көз шығарып, бас..
©  Ғабит Мүсірепов
Бардың жұпыны киінгені де, жоқтың барша киінгені де белгілі болып тұрады. 
©  Ғабит Мүсірепов
Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдіремін деп күйдіреді, сүйсіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін деп бүлдіреді, қуантамын деп қуартады..
©  Ғабит Мүсірепов
Көркем сөзі бар болғырдың өзін орақпен орып, күрекпен күреп ала алмайсың: оны бір-бірлеп тересің, бір-бірлеп тізесің!
 
©  Ғабит Мүсірепов
Адамға адам, сөзге сөз жарығын да, көлеңкесін де түсіріп тұрады. 
©  Ғабит Мүсірепов
Екі дүниеде жырласақ Ана ерлігін, Ананың өжеттігін жырлайық та! 
©  Ғабит Мүсірепов