Ой салатын сөздер туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Нақыл сөздер: 35
Туындылар: 1

Дұрыс жолға түсу үшін алдымен адасып көру керек.
Сіз биікке көтеріліп келе жатқанда көптеген адамды кездестіресіз. Бірақ оларды ренжітпеңіз. Өйткені төмен құлап келе жатқанда да оларды..
Өзіңіздегі өзгерісті байқау үшін еш нәрсе өзгермеген жерге барған дұрыс шығар.
Егер өмірде әрдайым күлімдеп жүрсеңіз, өмір де сізге күліп қарайтын болады.
Сөз - кілт секілді. Ретін тауып, кез келген жүректің құлпын ашуға және кез келген ауызды жабуға болады.
Сізді тек жоғарыға қарай жетелейтін жандармен дос болыңыз. Себебі төменге тартқысы келетін адамдар толып жатыр.
Өмірлік сұрақтарға келгенде ер адам берік, қатты болғанмен, өзінің әйеліне жұмсақ болуы керек.
Егер қатты және тәтті ұйықтағыңыз келсе, өзіңізбен бірге төсекке таза арыңызды алып жатыңыз.
Бір қателікті екі рет қайталауға болмайды. Екінші рет – қателік болып есептелмейді. Ол – таңдау.
Ешқашан сараң болмаңыз – екінші мүмкіндік беріңіз. Бірақ ешқашан үшінші рет мүмкіндік беретін ақымақ болмаңыз.