Көңіл туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 93
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 781
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 62
Туындылар: 1
Әңгімелер: 16
Ертегілер: 2

Адам өзінің көңіл-күйін, зейінін, мимикасын басқара алмайтын болса, саясатта лайықты жетістікке жетуді армандауы да мүмкін емес. Өзінің көңіл-күйіне..
©  Филип Честерфилд
Көзіңді ойып берсең де, дос көңілін қалдырма.
©  Тоқсары
Көз бен қол — көңiлдiң жалшысы.
©  Мұзафар Әлімбаев
Ей, көңілім, сыйлық күтпе бұл заманнан қараңғы,
Уақыт озар барлығынан шаң қаптырып адамды.
Дертің әр сәт күшейеді, ауырады тынымсыз,
Күткенменен..
©  Омар Хайям
Әркімнің жолдас болсын сүйген досы,
Біріксе айырылмасын көңіл қошы!
©  Баубек Бұлқышев
Жаманның көңілі көкте, жерде басы,
Алыс қой аңғарғанға екі арасы.
Жақсының өзі кішік, ойы биік,
Бірдей ме екеуінің мәртебесі?
©  Жамбыл Жабаев
Таудан биік көңіл бар, теңізден терең ғылым бар, оттан бетер - қайғы-зар.
©  Сырым Датұлы
Көңіліңе қарай - дос таңда, күшіңе қарай - жүк таңда.
©  Жүсіп Баласағұни
Көңіл - терең теңіз, білім - тереңінде жатқан інжу-маржан.
©  Жүсіп Баласағұни
Қайғы шығып иыққа,
Қамалтпасын тұйыққа,
Сергі, көңілім, сергі енді!
©  Абай Құнанбаев
Иман сақтауға - қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.
©  Абай Құнанбаев
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
©  Абай Құнанбаев