Бақыт туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 52
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 478
Нақыл сөздер: 192
Туындылар: 2
Әңгімелер: 17
Ертегілер: 7
Поэмалар: 5
Шығармалар: 3
Аңыздар: 1
Эсселер: 15

Бақытты болған жеріңізге ешқашан қайтып оралмаңыз. Қайда жүрсеңіз де өзіңізді бақытты сезініңіз. Ал белгілі бір жерге қайтып барсаңыз, онда бәрі..
©  Агата Кристи
Еңбек – бақыт, еңбек – абырой, еңбек – даңқ, еңбек – адам өмірінің мән-маңызы, мазмұны. Осыған орай, еңбек жеңісіне ұмтылу, бақытқа қол созу әрбір..
©  Төретайұлы Қабылбек
Бақыт пен денсаулық тілемеңіз, сәттілік тілеңіз. «Титаник» жолаушыларының барлығы бай-қуатты болды, ал жолы болғыштары бірнешеу ғана.
©  Уинстон Черчилль
Ештеңеге қарамастан үйлен. Жақсы әйел түссе бақытты боласың, жаман әйел түссе ойшыл боласың.
©  Сократ
Кім өткен бақытты еске алмаса, сол бүгін қария.
©  Эпикур
Шын азаматтық бақыт пен шын азаматтық қасірет, ең алдымен, өмірлік проблеманың қалай шешілгеніне байланысты. 
©  Әбіш Кекілбаев
Ақылды кісілердің бақытты болғаны өте сирек. 
©  Эрнест Хемингуэй
Бақыт дегеніміз – зор денсаулық пен нашар ес. 
©  Эрнест Хемингуэй
Бақыт емдейтін дертті бірде-бір дәрі емдей алмайды. 
©  Габриэль Гарсиа Маркес
Бақыттың емін табатын дәрі-дәрмек жоқ. 
©  Габриэль Гарсиа Маркес
Жұбайлар бір-бірінің мінезін зерттеп білмей некенің бақытты болуы екіталай. 
©  Оноре де Бальзак
Ең ғажап қала — ол адамның бақытты болған жері. 
©  Ремарк Эрих Мария
Бақыт тек қана бізді сүйетін және үнемі күтетін жерде ғана. 
©  Михаил Лермонтов
Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан..
©  Зейнолла Қабдолов
Дінге адал болсақ, дінді таза ұстасақ, жүрегімізді тазаласақ, барлық қиыншылықтан шығып, бақытқа жетер едік, еліміздің басындағы қазіргі ауырлықтар..
©  Әселхан Қалыбекова
Және бір бақытым бар өлең деген,Жерімде биіктетер төмендеген.Осында қарызым да төленбеген,Осында қызығым да көрем деген.
©  Әселхан Қалыбекова
Менің бақытым – қаламым мен домбырам.
©  Әселхан Қалыбекова
Менің өмірім өте бақытты болды. Мен еврей мемлекетінің дүниеге келгенін көру үшін өмір сүріп қана қоймай, оның бүкіл әлемдегі еврейлердің қалай..
©  Голда Мейр
Баршаңызға бақыт тілеймін. Мына жүйке жұқартқандай қиын-қыстау күндерде иінді төмен салмай, еңсе көтертер күш-қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар..
©  Дінмұхамед Қонаев
Өміріңізде өзіңізге талай адам бақыт тілеген шығар. Мен де солардың бірімін. Ал, бақыт - өз жанңыздың жарқын нұрына бөленуіңіз, басқа ештеңе емес...
©  Бегалиев Нармахан
Еңбек – бақыттың атасы
©  Бенджамин Франклин
Бақытта баян жоқ - ұшқан құс тәрізді.
©  Иүгінеки Ахмед
Бақыт - көктемгі бұлт сияқты: көрген түстей, ұшқан құстай өтеді де шығады.
©  Иүгінеки Ахмед
Бақыттың жолын білім ашар.
©  Иүгінеки Ахмед
Бақыт дегеніміз - сіздің ойлағаныңыз, айтқаныңыз бен жасағаныңыз үйлесімді болуы.
©  Махатма Ганди