Бақыт туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 52
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 478
Нақыл сөздер: 192
Туындылар: 2
Әңгімелер: 17
Ертегілер: 7
Поэмалар: 5
Шығармалар: 3
Аңыздар: 1
Эсселер: 15

Бақыттының бәрі қулықсыз емес, бақытсыздың бәрі арайсыз емес. 
©  Нарша Булгакбаев
Қараңғыда жалғыз қалмассың, жарықты іштей жаға алсаң, бақытсыз болып қалмассың, бақытты іштей баға алсаң. 
©  Нарша Булгакбаев
Егер сізге бақытты болу керек болса, бақыт туралы ұмытуға тырысыңыз, себебі бұл да бақыт. 
©  Нарша Булгакбаев
Мұхиттардан бақыт аралын таппадым. Ормандағы ағаштар арасынан жұпар иіс сезіне алмадым. Жер асты байлықтарынан ешқандай пайда көре алмадым. Демек мен..
©  Нарша Булгакбаев
Сүю – басқанын бақытынан өзіңнің жеке басыңның бақытын табу. 
©  Готфрид Лейбниц
Сүйікті болу — бай болудан артық, өйткені сүйікті болу — бақытты болу деген сөз. 
©  Клод Тилье
Барыңды бағалау -Бақыт.Көрмеу- қасірет! Гүлсім Сатыбалды
©  Гүлсім Сатыбалды
Бақыт қону мүмкін еді, шын еді,Тап қасымда тұр еді!
©  Александр Пушкин
Бақыт жоқ барша әлемде,Бар жігер мен тыныштық.
©  Александр Пушкин
Сәттіліктің соңынан жүгіре бермей, бақытыңызды бағалаңыз.
©  Арман Тосқанбаев
Маған Анам: "Біз қайда болсақ, - бақыт сонда", - деп үйреткен.
©  Арман Тосқанбаев
Бақыт дегеніміз — әр адамның адамзат баласы мен адамгершілікке еткен өз еңбегінен алатын ләззаты. 
©  Сайын Назарбекұлы
Бақытты болғысы келу жөніндегі тілек – жаңа қасірет жəне одан құтылу жөніндегі тілек деген сөз. 
©  Жорж Батай
Бақыт – жазушылар үшін ең нашар тақырып. Ол тым өзіне-өзі ырза. Оған түсінік беріп жатудың қажеті жоқ.
©  Роберт Вальзер
Бақытты адам үнсіз келеді.
©  Роберт Вальзер
Уақыт бәріне емшіБірақ сенің бақытынды көре алмайтындарсоқыр немесе іші тар адамдар,Уақыт бәрін өз қарамағына алып кімнің ақ кімнің қара екенін шешіп..
Бақыт құнын біле алмай жүргеніңде,Батып күнің кетпесін, атып таңың.
БАКЫТЫ ТЕҢЫЗДЕЙ ТЕРЕҢ ЖЕРДЕН ІЗДЕМЕ, МҰҢҒА БАТАСЫН БАКЫТ ДЕГЕН СЕНЫН ЖАНЫҢДА, ІЗДЕМЕЙДА ТАБАСЫН
Әділдік бар жерде татулық та бар татулық бар жерде бақытта бар 
Тағдыр менің қолымда және бақыт әрқашан жанымда.
©  Әмiр Темiр
Бақытты жанның жанында дос болмайды. Бақытты кезінде адам өте жоғарыда жүреді, ал біздің жүрегіміз тек төменде ашылады. 
©  Николай Рерих
Бақыттың қазынасына жету үшін, пайдалан сөздің әр кез өші-күшін. 
©  Низами
Бақыттың бір есігі жабылған кезде, екіншісі ашылады; бірақ біз оны жабық есікке қарап жиі байқамаймыз.
©  Энн Салливан
Шын мәнінде, адам бақытты болу үшін өте аз-нәрсе қажет.
©  Михаил Шолохов
Жастық шақтағы бақыт әрқашан соқыр.
©  Михаил Шолохов