Қанатты сөздер туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 2
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 5
Нақыл сөздер: 1104
Әңгімелер: 5

Сіз ағашқа қарап тұрып оның алыптығы мен күшіне қайран қаласыз, ал кішкентай гүлді қош иістен басқа берері жоқ деп сөге көрмеңіз. 
©  Теодор Драйзер
Жоқ, жан шошырлық жағдайға тап болмай тұрғанда, ақшаның бәрін көйлекке жұмсап үлгеру керек! 
©  Теодор Драйзер
Сөз — баста быжынап жатқан сансыз ойдың күңгірт көлеңкесі ғана. 
©  Теодор Драйзер
Алтын креслода отырып күйіп кетуге кім келіспесін? 
©  Теодор Драйзер
Өнер — жанның табан ет, маңдай термен сығып алған шырыны. 
©  Теодор Драйзер
Әдемі де сүйікті айтылымдар қайдан шығады? Оларды талантты, яғни, зергер адам жасайды. Ал бұлардың мәні — сырының қандайлығын айқындап беру — біздің..
©  Аристотель
Ағайын арасына жік түссе, қас жаман сына қағар, қамқор азамат дәнекер болар. 
©  Ғабиден Мұстафин
Ағайының бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң асырай алмайды. 
©  Ғабиден Мұстафин
Ағаш бұтағы жемісі басқан сайын, ақылды бас толған сайын иіледі. 
©  Ғабиден Мұстафин
Ақылмен мыңды, ақырумен бірді ғана көндіресің. 
©  Ғабиден Мұстафин
Адам қысылса бәрін өзі табады, қысылмаса көксейтіні — ылғи кең жайлау. 
©  Ғабиден Мұстафин
Адам қарын тойғаннан гөрі, көңіл тойғанға риза. 
©  Ғабиден Мұстафин
Адамның қорлауына адамның езі, ынжығы ғана көнеді. 
©  Ғабиден Мұстафин
Адамдар жаманын жасырып, жақсысын бетке ұстайды. 
©  Ғабиден Мұстафин
Адамға бәрі керек, адам неге керек? 
©  Ғабиден Мұстафин
Адам — тас емес, тас та өзгереді. 
©  Ғабиден Мұстафин
Адамға бәрі керек, солардың ішінен үшеуін ғана таңда десе, менің таңдайтыным: денсаулық, айнымас жолдас, суымас махаббат. 
©  Ғабиден Мұстафин
Адам жастықтың қызығын өз шағында көріп, бағасын кейін береді екен. 
©  Ғабиден Мұстафин
Заманына қарай амалы бар емес пе? 
©  Ғабиден Мұстафин
Дүние шіркін тар екен ғой, көп адам, көп арман қалай сиып тұр? 
©  Ғабиден Мұстафин
Әншейінде ауыз жаппас, керегінде жақ ашпас, жақ ашса дәл баспас сылдыр шешендер бар. 
©  Ғабиден Мұстафин
Шешендік — көп сөзділікте емес, тапқырлықта. 
©  Ғабиден Мұстафин
Сипалақтап көп сөйлегенше, аз сөйле де дәл айт. 
©  Ғабиден Мұстафин
Әдебиет әрі күшті, әрі нәзік, әрі көркем болуды тілейді. 
©  Ғабиден Мұстафин
Әдебиеттің түпкі мақсаты – адам жанын тәрбиелеу. 
©  Ғабиден Мұстафин