Қанатты сөздер туралы Нақыл сөздер ✍️
Мақал-мәтелдер: 2
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 5
Нақыл сөздер: 1104
Әңгімелер: 5
Дүниеге шын данышпанның келгенiн бар ақымақтың оған қарсы күреске бiрiккенiнен байқауға болады.
© Джонатан Свифт
Айнада, өзiмiз бiлетiндей, бәрi керiсiнше. Бiрақ онсыз бiз ешқашан өзiмiздi көрмес едiк.
© Жалаладдин Руми
Сен маған сөз дәрменсiз дедiң. Осы айтқаның рас болса, бұл тек сөздiң дәрменсiздiгi туралы сенiң сөзiңнiң дәрменсiздiгiн бiлдiредi.
© Жалаладдин Руми
Қозғалу, тыныс алу, қалықтау, жүзу, сыйлық беру-алу, зерттеу, саяхаттау – міне, өмірдің мәні осы.
© Ханс Кристиан Андерсен
Ақылдың аз бөлiгi ғана қажығандықтан алжиды, олардың көпшiлiгi қолданылмағандықтан тозады.
© Кристиан Боуви
Дін құрыса — тіл сақтайды, тіл құрыса — үн сақтайды, бәрі құрыса — діл сақтайды
© Асқар Сүлейменов
Келіншектің сұлу кезі — ұйқыдағы кезі. Айтып та болмас әлгінің, айтпай да болмас әлгінің тұсындағы кезі емес. Әсіресе сол кезі емес.
© Асқар Сүлейменов
Тағы да стиль туралы. Мемлекетке тақырыппен, концепциямен қарсы шығар мүмкіндік қалмағанда — көмекке стиль келеді... Жаңа форма, жаңа..
© Асқар Сүлейменов
Айша Бибінің сағанасындағы жазуды аударса — «Сүмбіле». Су суыды. Өмір — сұмдық».
© Асқар Сүлейменов