Қанатты сөздер туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 2
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 5
Нақыл сөздер: 1104
Әңгімелер: 5

Анаң жақсы, қызың жақсы — әйеліңе не болған. 
©  Сайын Назарбекұлы
Мылжың сөзінің тоқетері болмас. 
©  Сайын Назарбекұлы
Жақсы өлсе, жеріне кіреді,Жаман өлсе, көріне кіреді. 
©  Сайын Назарбекұлы
Ер қасиеті — шыншылдығы,Ез қасиеті — күншілдігі. 
©  Сайын Назарбекұлы
"Адамды Құдай жаратты" дегенге сенейін десем Құдайды аяймын,"Адам маймылдан жаралды" дегенге сенейін десем адамды аяймын. 
©  Сайын Назарбекұлы
Елбасының басын сыйламасаң да, тағын сыйла,Дін басының өзіне сенбесең де, дініне сен. 
©  Сайын Назарбекұлы
Бақыт дегеніміз — әр адамның адамзат баласы мен адамгершілікке еткен өз еңбегінен алатын ләззаты. 
©  Сайын Назарбекұлы
Дананы — ойынан;Батырды — сойынан;Ізгіні — ісінен;Жақсыны — түсінен;Көлгірді — көзінен;Суайтты — сөзінен. 
©  Сайын Назарбекұлы
Болат болмас суарғанмен жасықты,Кісі болмас демегенмен пасықты. 
©  Сайын Назарбекұлы
Қыз атын қызыққандар шығарады. 
©  Сайын Назарбекұлы
Күн жаманы тынады жауын болып,Дос жаманы тынады жауың болып. 
©  Сайын Назарбекұлы
Әскерсіз — қолбасшы қауқарсыз, басшысыз — әскер әлсіз. 
©  Бауыржан Момышұлы
Тайды күтiп мiнген адам, ат та мiнедi. 
©  Әмiр Темiр
Тоғайға от түссе, құрғағы мен суы бiрдей жанады. 
©  Әмiр Темiр
Бүгiн бiтер iстi ертеңге қалдырма. 
©  Әмiр Темiр
Өлген аңға емес, өлтiруiң керек аңға қара. 
©  Әмiр Темiр
Күш кімде болса,Шындық сонда. 
©  Әмiр Темiр
Өзiңiздiң шамаңыз келмейтiн жамандықты жоюға талаптанбаңыз, әйтпесе жамандықты да жоймайсыз, беделiңiзден де айрыласыз. 
©  Теодор Рузвельт
Халықтың сүйіспеншілігінен басқаның бәрі атылады. 
©  Проспер Мериме
Əйел заты – залым. Ол ыстық жар құшағы мен суық ажал құшағында ғана қымбат. 
©  Проспер Мериме
Әрбір адам оның өзін қаншалықты бағалаған құнына тең. 
©  Франсуа Рабле
Жеке игiлiк туралы ойлау табиғи нәрсе және мұны назардан тыс қалдыруға болмайды. Ал егер тек осы туралы ойлап, қоғам игiлiгi елеусiз қалатын болса..
©  Франсуа Рабле
Жалған қарапайымдылық даңққұмарлық секілді сасық нәрсе. 
©  Карло Гальдони
Құстың даусы жұмсақ болса да қауырсыны қатты болады. 
©  Шандор Петефи
Басқа жандар сияқты саясатқа да жүрегіңмен кірісуге болмайды. Шектен тыс махаббат кедергі келтіреді. 
©  Шарль Морис Талейран