Ой туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 68
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 8
Өлеңдер: 456
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 207
Туындылар: 1
Әңгімелер: 15
Ертегілер: 1
Поэмалар: 8
Шығармалар: 3
Аңыздар: 1

Ой орамдары бізді білінер-білінбес құпия ишаралармен тіл арқылы алып өтеді.
©  Мартин Хайдеггер
Ой жоқ жерде жүйе жасаудан жеңіл ештеңе жоқ.
©  Освальд Шпенглер
Біз ойға алғанның бəріне қол жеткізерліктей еркін емеспіз, бірақ қажеттіні істеп-істемеуге еріктіміз.
©  Освальд Шпенглер
Ой есебі Бір данышпан: «Адамды емес, оның ойын есепке тарту керек. Сонда ғана ақиқатқа жетесің!» – деген екен.
©  Мәлік Отарбаев
Ой түбінде жатқан сөз,Шер толқыса шығады. 
©  Асан қайғы
Біздің ақыл-ойымыз жекелеген ауыспалы ырғақтарды жадына берік ұстап қалады да, толық əуенді тұтастай бойға сіңіре алмайды.
©  Альфред Адлер
Шешен ойынан жаңылып, сөзін жалғай алмай қиналған кезде бүкіл аудитория өзін ыңғайсыз сезініп, қысылып отырады.
©  Альфред Адлер
Дананы — ойынан;Батырды — сойынан;Ізгіні — ісінен;Жақсыны — түсінен;Көлгірді — көзінен;Суайтты — сөзінен. 
©  Сайын Назарбекұлы
Өмір – ойға жан береді, ал өмірді оятатын – ой.
©  Жиль Делез
Міне, сөйтіп, күткеніміз болды: ой туды!
©  Пьер Тейяр де Шарден
Махаббат туралы жазудың ең жайлы жолы – оны ойдан шығару.
©  Роберт Вальзер
Ойынға айналған жерде ой да ештеңе айтқысы келмей қалады.
©  Жак Деррида
Ой жеткен жерге қолда жетер.
Ой түбiнде жатқан сөзШер толқытса шығады. 
©  Асан қайғы
Жеке игiлiк туралы ойлау табиғи нәрсе және мұны назардан тыс қалдыруға болмайды. Ал егер тек осы туралы ойлап, қоғам игiлiгi елеусiз қалатын болса..
©  Франсуа Рабле
Әркiмдi мұқият тыңда және ең алдымен естiгенiңдi жақсылап ой елегiнен өткiзiп ал, әркiмдi тыңдап болғаннан соң, ең тәжiрибелiлерге сен. 
©  Леон Баттиста Альберти
Сөз — баста быжынап жатқан сансыз ойдың күңгірт көлеңкесі ғана. 
©  Теодор Драйзер
Ойым нәрлі болсын десең, өмірге аралас, өмірдің, бетінде қалқыма, түбіне сүңгі, асыл оңайда жатпайды, тереңде жатады. 
©  Ғабиден Мұстафин
Әдебиет — ойдан, ой — тұрмыстағы соқтығыстардан туады. 
©  Ғабиден Мұстафин
Сіз толықтай басқара алатын жалғыз нәрсе — бұл сіздің ойыңыз. Оларды дұрыс қолданыңыз.
©  Брайан Трейси
Бәсекелестерім менің жоспарымды ұрлауы мүмкін. Бірақ олар менің басымда жатқан ойымды ұрлай алмайды. Демек, мен әрдайым олардан оқ бойы озық боламын. 
©  Рэй Крок
"Мейірімді жүрек әлемнің барлық ақыл-ойларынан гөрі әдемі.“
©  Эдуа́рд Бульвер-Литтон
Абай- ақыл мен білімнің, ой мен ғылымның айнымас алтын қазығы!!!
©  Аслан Ғафуров
Егер сіз бір нәрсеге сенімді болсаңыз немесе қандай да бір нәрсемен келіспейтін болсаңыз, онда өз пікіріңізді сақтап қалғаныңыз дұрыс, өйткені жұмыс..
©  Анна Винтур
Ойыңа бірде-бір ой келмесе де, оны қағазға түсіре білгенде ғана, журналист боласың. 
©  Карл Краус