Афоризм туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 4
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 8
Нақыл сөздер: 1517
Әңгімелер: 1

Адам, адам дейміз, адамшылығы болмаса адам не керек? 
©  Ғабиден Мұстафин
Заманына қарай амалы бар емес пе? 
©  Ғабиден Мұстафин
Дүние шіркін тар екен ғой, көп адам, көп арман қалай сиып тұр? 
©  Ғабиден Мұстафин
Әншейінде ауыз жаппас, керегінде жақ ашпас, жақ ашса дәл баспас сылдыр шешендер бар. 
©  Ғабиден Мұстафин
Шешендік — көп сөзділікте емес, тапқырлықта. 
©  Ғабиден Мұстафин
Сипалақтап көп сөйлегенше, аз сөйле де дәл айт. 
©  Ғабиден Мұстафин
Әдебиет әрі күшті, әрі нәзік, әрі көркем болуды тілейді. 
©  Ғабиден Мұстафин
Әдебиеттің түпкі мақсаты – адам жанын тәрбиелеу. 
©  Ғабиден Мұстафин
Ойым нәрлі болсын десең, өмірге аралас, өмірдің, бетінде қалқыма, түбіне сүңгі, асыл оңайда жатпайды, тереңде жатады. 
©  Ғабиден Мұстафин
Әдебиет — ойдан, ой — тұрмыстағы соқтығыстардан туады. 
©  Ғабиден Мұстафин
Өзіңнің қорқыныштарыңды сенімге алмастыр. 
©  Рэй Крок
Алға қарай ұмтыл: өмірде табандылықтың орнын ештеңе баса алмайды. Талантты болса да, жолы болмағандар көп. Данышпан болса да, ойлары жүзеге..
©  Рэй Крок
Табыс — бұл маңдай тердің көрсеткіші. Қаншалықты көп терлесеңіз, соншалықты табысты боласыз. 
©  Рэй Крок
Мен өзгелерді жетістікке жетелеген сайын, өзім де жетістіктің шыңына өрлей беремін. 
©  Рэй Крок
Жұмыс — өмірдің гамбургеріндегі ет. 
©  Рэй Крок
Егер тәуекелшіл болмасаңыз, бизнеске тұмсығыңызды сұқпаңыз. 
©  Рэй Крок
Мен Құдайға, отбасыма және McDonald’s-қа сенемін. Жұмыста болған кезде оның реті соңынан басына қарай өзгереді. 
©  Рэй Крок
Маған жай ғана басқа мүмкіндіктерді іздеу керек болды. 
©  Рэй Крок
Егер адам өмірдің мәніне немесе оның құндылығына қызығушылық білдіре бастаса, онда оның ауру болғаны. 
©  Зигмунд Фрейд
Ешбiр пенде құпияны сақтап қалуға қабiлетсiз. Ерiндерi үндемегенмен, саусақтары айтып қояды. 
©  Зигмунд Фрейд
Адам баласының ең күштi деген екi сезiмi бар — жыныстық қарым-қатынас пен өзi шыққан төбешiгiн төбеге балау, өз маңыздылығын сезiну. 
©  Зигмунд Фрейд
Егер бiреу өмiрдiң мағынасы немесе құндылығы туралы сұраса — ол ауру (принцесса Бонопартқа жазған хатынан). 
©  Зигмунд Фрейд
Ғажайып тек оған сенген кезде ғана болады. 
©  Дени Дидро
Ер үстiнде ұйықтамасаң,Атқа мiнiп нең бар?!Халық қамын ойламасаң,Датқа болып нең бар?! 
©  Саттар Ерубаев
Педагогика — білім беру, яғни адамның өмірлік тәжірибесін дамыту туралы ғылым. 
©  Александр Новиков