Адал туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 33
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 31
Нақыл сөздер: 40
Әңгімелер: 5
Анекдот, әзілдер: 1

Билік айтсаң - түзу кес, адалын айт.Тиянақ көрме жалғанды.  
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Кей адамнан ит ілгері, достықты ұмытпайды, адал қызмет етеді. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Адам бәріне де қабілетті. Одан жақсылықты да, жамандықты да күтуге болады. Сол мені қынжылтады. Сондықтан күндіз-түні жаратқаннан тек адал, ақкөңіл..
©  Сергей Довлатов
Жер бетіндегі қыздардың барлығы да ержүрек, намысқой, адал жігітті армандайды. Және сондай жігіттер үшін бәріне де барады. Өйткені өмірдің мәні..
©  Александр Куприн
Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
©  Әл-Фараби
Егерде мал керек болса — қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегiн сатқан қолөнерлi — қазақтың әулиесi сол.
©  Абай Құнанбаев
Скифтер үшін достыққа адал адамдарға құрмет көрсетуден асқан абырой жоқ.
©  Тоқсары
Көп достардың арасында адал жандар аз.
©  Тит Макций Плавт
Егер тағдыр адамға ерекше қолдау көрсетсе және оған әлемдегі ең үлкен бақыт сыйлағысы келсе, ол оған адал достар береді.
©  Эрнст Тельман
Өмірдің ең тәтті қызығы — адал достарыңның көп болуы.
©  Авраам Линкольн
Бұрында айтқанымдай, ең әуелі өз-өзіңе адал бол. Өзіңді өзгерте алмасаң, ешқашан қоғамға әсер ете алмайсың. Ұлы бітімгердің бәрі – білікті, адал..
©  Нельсон Мандела
Әділдікті мойындау— адал кісінің ісі.
©  Бауыржан Момышұлы
Адал болмай азаматпын демегін.
©  Бауыржан Момышұлы
Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар.
©  Аристотель
Әйел қанша сұлу болса, сонша адал болуы керек, өйткені оның сұлулықтан көрер кесірін адалдық қана жеңе алады.
©  Лев Толстой