Қиындық туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 15
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 34
Нақыл сөздер: 45
Әңгімелер: 1

Достарды екі топқа бөліп, қарастыруға болады. Біріншісі - белгілі бір уақыт қана сіздің өміріңіздің қонағы болса, екіншісі – қандай қиындық туса да..
©  Агата Кристи
Кімнің ісі жүріп тұрса — достары мың, қиналысқа түссе — айналасы шөл.
©  Сенека
Қиындықтар мен азаптар шынайы
Жаман оқиғалар орын алады және біз оны қабылдауымыз керек. Қиындықтар қол жеткізілген мен қол жеткізілмеген нәрселер арасындағы шиеленісті тудырады...
©  Виктор Франкл
Адамдар жалқаулықпен өздеріне қамқорлық жасауды ұмытып кеткен кезде қиындықтар туындайды.
©  Сұн Зы
Егер айналасын ақымақтар жайламаса, ақылды адам көптеген қиындықтарға дұшар болар еді. 
©  Франсуа де Ларошфуко
Еңбек етіп табысқа жету қиындығын көрмеген адамда қайыр жоқ. 
©  Абдуллаһ ибн әл-Мүбәрак
Қиындықты сен жеңбесең, қиындық сені жеңеді. 
©  Мырзатай Жолдасбеков
Қиындық көрмей байлық келмейді.
 
©  Саиф Сараи
Проблемалар сені депрессияға емес, әрекет етуге итермелеуі керек.
 
©  Бернард Шоу
Қолайлы мүмкіндік қиындықтар мен мәселелердің арасында жасырынып жатады. 
©  Альберт Эйнштейн
Біздің ең үлкен кемшілігіміз қиындыққа тез берілеміз. Сәттілікке деген ең дұрыс жол – тағы да бір рет қадам жасап көру.
 
©  Томас Эдисон
Мен басымнан өткерген қиыншылықтарға мойымаймын. Эрнест Хэменгуэйдің сөзіне сенер болсақ, жазушының ең керемет күндері – қиындыққа кез болған..
©  Сергей Довлатов
Өмірде кездесетін әр қиындықтың бір қуанышы болатынын ұмытпаған жөн.
 
©  Ник Вуйчич
Ең үлкен қиындық – күту.
Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ.
©  Тоқсары
Өмір маған ең маңызды сабағын берді: Сізді қиын жағдайда жалғыз қалдырған адамды кешіруге болмайды. Ол сізді тағы да алдауға дайын.
©  Дональд Трамп
Дәл қазір қолыңызда өмірдің қиын-қыстау кезеңіне төтеп беруге көмектесетін дүниенің барлығы бар.
©  Брайан Трейси
Есіңізден шығармаңыз, қиындыққа төтеп берген достық – ең жақсы қарым-қатынас саналады.
©  Далай-Лама
Есек кез-келген аурыпалықтар мен қиындықты көтере алады. Ал оны қырсық деп өзіне табандылық пен шыдамдылық жетпейтін адамдар айтады.
©  Леонардо да Винчи
Бақытты отбасылар бір-біріне ұқсас келеді. Ал әр бақытсыз шаңырақтың өзіне тән қиындықтары бар.
©  Лев Толстой