Жұрт туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 86
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 223
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 64
Туындылар: 1
Әңгімелер: 24
Шығармалар: 2
Эсселер: 1

Қақсауық бар, ділмар бар, оттампаз бар, шешен бар: төртеуі — төрт жұрттан. 
©  Асқар Сүлейменов
Жұрт — жас бала, жылатып тартып алма...
©  Абай Құнанбаев
Терiн сатпай, телмiрiп көзiн сатып,
Теп-тегiс жұрттың бәрi болды аларман.
©  Абай Құнанбаев
Жер жүзіндегі езілген жұрттардың бірі біздің қазақ-қырғыз екені рас болса, бұл жұртты теңгеру үшін көзін ашып, өнер-білім үйретіп, үгіт-насихат..
©  Міржақып Дулатұлы
Қазақ тілі – бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз… Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма?..
©  Міржақып Дулатұлы
Қазақ тілі бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз… Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма?..
©  Міржақып Дулатұлы
Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел — қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай..
©  Міржақып Дулатұлы
Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды.
©  Омар Хайям
Бұл заманның жақсысы: бірін-бірі көре алмас, жұртына пайда бере алмас.
©  Дулат Бабатайұлы
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.
©  Бауыржан Момышұлы
Ақылдылықпен ел биле, бiлiмдiлiкпен жұртты аузыңа қарат.
©  Жүсіп Баласағұни
Жұрттың өзi туралы не айтатынын естiген адам сабырлы бола алмайды.
©  Лев Толстой
Билiк басындағы адамдар жұрт өзiнiң әрекетiнде тек зорлықты басшылыққа алады деп ойлайды, сондықтан қазiргi тәртiптi сақтау үшiн зорлықты батыл..
©  Лев Толстой
Жұрттың көбіне ақыл берілгенімен, жүрек бәріне бірдей берілмеген.
©  Бауыржан Момышұлы