Мысық туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 20
Жұмбақтар: 25
Тақпақтар: 31
Өлеңдер: 29
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 8
Туындылар: 2
Әңгімелер: 16
Ертегілер: 16
Анекдот, әзілдер: 3
Эсселер: 1

Ерте тұрған мысық –Тойып алып, тұмсығын сүртер.Кеш оянған мысық –Көзінің былшығын сүртер.
©  Сақып Керелбаев
Мысық тоқ, тышқанда шаруасы жоқ.
©  Сақып Керелбаев
Бай адам қоңыраулы мысық секілді: тышқандар оның қайда, не істеп жүргенін біліп отырады. 
©  Теодор Драйзер
Мен доңыздарды жақсы көремін. Иттер бізге төменнен жоғары қарай, ал мысықтар жоғарыдан төмен қарай қарайды. Тек доңыздар бізді тең көреді.
©  Уинстон Черчилль
       Мияулағанның бәрі мысық емес, ол «жұлдыз» болғысы келетіндердің де қолынан келеді.
©  Әбдінағым Көшер
Қолғап киген мысық тышқан ұстай алмайды.
©  Бенджамин Франклин
Мысықтың түсі қан­дай болса да, ол ақ мысық бола ма, қара мысық бола ма, бәрібір, ең бастысы, тышқан аулауы керек.
 
©  Дэн Сяопин
Ыстық пешке бiр рет отырып қалған мысық, қайтып ыстық пешке отырмайды. Суық пешке де. 
©  Марк Твен