Адам туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 7
Мақал-мәтелдер: 543
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 465
Жаңылтпаштар: 9
Нақыл сөздер: 730
Туындылар: 6
Әңгімелер: 56
Ертегілер: 6
Поэмалар: 4
Шығармалар: 6
Анекдот, әзілдер: 5
Аңыздар: 2
Эсселер: 3

Адам іші — алақұйын.  
©  Теодор Драйзер
Адам қысылса бәрін өзі табады, қысылмаса көксейтіні — ылғи кең жайлау. 
©  Ғабиден Мұстафин
Адам қарын тойғаннан гөрі, көңіл тойғанға риза. 
©  Ғабиден Мұстафин
Адамның қорлауына адамның езі, ынжығы ғана көнеді. 
©  Ғабиден Мұстафин
Адамдар жаманын жасырып, жақсысын бетке ұстайды. 
©  Ғабиден Мұстафин
Адаммын десең — құрыса торғайлық панаң болсын, болмаса адамдығың екіталай. 
©  Ғабиден Мұстафин
Адамға бәрі керек, адам неге керек? 
©  Ғабиден Мұстафин
Адам — тас емес, тас та өзгереді. 
©  Ғабиден Мұстафин
Адамға бәрі керек, солардың ішінен үшеуін ғана таңда десе, менің таңдайтыным: денсаулық, айнымас жолдас, суымас махаббат. 
©  Ғабиден Мұстафин
Адам, адам дейміз, адамшылығы болмаса адам не керек? 
©  Ғабиден Мұстафин
Әдебиеттің түпкі мақсаты – адам жанын тәрбиелеу. 
©  Ғабиден Мұстафин
Адамның болуы барлық үміттер таусылғаннан кейін ғана жаңартылады.
©  Харс Йенсен
Адам өзіне және басқаларға пайдалы жағымен адам.
©  Естеу ЖҮНІС
Құдайдан қорқпаған, адамнан ұялмаған барша жамандықты істейді.
©  Естеу ЖҮНІС
Педагогика — білім беру, яғни адамның өмірлік тәжірибесін дамыту туралы ғылым. 
©  Александр Новиков
Масса — бұл ерекше артықшылықтары жоқ көптеген адамдар, масса-орташа, қарапайым адам.
©  Хосе Ортега-и-Гассет
Абыройлы адам кімнің қасында тұрса да өзінің кім екенін естен шығармайды. 
©  Бальтасар Грасиан
Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның есейген дәуірінен аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі болып келеді. Егер бұл талпыну болмаса, әрбір адам..
©  Әлкей Марғұлан
Ақылды адамдардың жалғыздықты ұнататын себебі, олар ақымақтардың даңғаза тірлігінен қашады. 
©  Артур Шопенгауэр
Ұсақ адамдар ұлылардың кемшілігі мен қателігіне қуанады. 
©  Артур Шопенгауэр
Топас-тоғышар байып кетсе адамдық қасиеті одан сайын кемиді. 
©  Артур Шопенгауэр
Адамның бет келбеті оның аузына қарағанда әлдеқайда көп шындықты айтады. Маңыздысы, ауыз адамның идеясын айтса, бет пішіні оның идеясының..
©  Артур Шопенгауэр
Жеке адам иен аралдағы Робинзон Крузо секілді дәрменсіз. Тек басқалармен бірлескенде ғана үлкен істерді тындыра алады. 
©  Артур Шопенгауэр
Адамның ақымақтығы өз денсаулығына әлдебір сыртқы нәрселерді айырбастап алуы. 
©  Артур Шопенгауэр
Бір адамның өз әзірлігі қанша толық болса, басқаларға жалынуы сонша азаяды, айналасына арқа сүйемейді, әлдекімге тәуелді болмайды. Сондықтан парасаты..
©  Артур Шопенгауэр