Кітап туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 18
Жұмбақтар: 34
Тақпақтар: 18
Өлеңдер: 63
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 135
Туындылар: 12
Әңгімелер: 52
Ертегілер: 1
Поэмалар: 3
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 4
Эсселер: 4

Бұрынғылар оқитын кітап таппай қиналушы еді; қазіргілер кітап таңдай алмай дал болуда. Шынайы еңбек үшін аса зейінді болмақ керек. 
©  Джон Леббок
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
©  Абай Құнанбаев
Жақсы кітапты оқу өткен ғасырдағы кемеңгерлермен ауызба-ауыз сөйлескенмен бірдей және олар өздерінің ең озық ақыл-ойларын алдымызға жайып салады.
©  Рене Декарт
Кітаптың бір мақсаты – агитация десек, кейбір шарттарды орындай отырып, оны да жүргізуге болады. Болмаса желігіп отырған жеңіл қолмен жазып жiберген..
©  Мұхтар Әуезов
Білген, көрген болмысынан туған шындық кітабы болып шыға алса, содан арғы зорғы мұраты жоқ.
©  Мұхтар Әуезов
Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады.
©  Мұхтар Әуезов
Мадам, өмір өте қысқа, бос уақытымыз тіпті аз, сондықтан біз оны саяз кітаптарды оқумен ысырап етпеуіміз керек.
©  Джон Рескин
Кітаппен істес болу адаммен істес болуға әзірлейді.
©  Николай Карамзин
Сипаттама жазушының қиялынан басталады, бірақ оқырмандікімен аяқталуы керек. (Мен жазған кезде).
©  Стивен Кинг
Есік жабық күйінде жаз, есік ашық күйінде тағы жаз. (Мен жазғандай).
©  Стивен Кинг
Кітаптар тек сиқырлы портативті. (Мен жазған кезде).
©  Стивен Кинг
Ең қорқынышты сәт әрқашан сіз бастамас бұрын болады. (Мен жазған кезде).
©  Стивен Кинг
Кітап оқуды қойған адам ойлауды да қояды.
©  Дени Дидро
Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік.
©  Дени Дидро
Әлемдегі ең керемет кинозал — ми. Бірақ сен оны тек кітап оқығанда ғана түсінесің.
©  Скотт Ридли
Ой жүгіртпестен көп оқи берген сайын, соғұрлым көп білемін деп сенесіз, ал оқып отырып неғұрлым көп ойласаңыз, әлі де өте аз білетініңізді соғұрлым..
©  Франсуа Вольтер
Кітапқа да құрсақтағы бала сияқты мерзімді уақыт керек, санаулы апта бойында ат үсті жазыла салған кітап атаулы авторға қарсы сенімсіздік тудырады.
©  Генрих Гейне
Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
©  Серке Қожамқұлов
Қолыма қалам алған күнімді қарғыс атсын! Оған дейін менде тек достар бар еді, ал қазір тек дұшпандар.
©  Жан-Жак Руссо
Уақыт барда көп шығарманы оқып қалыңыз, әйтпегенде үлгермей қалуыңыз әбден мүмкін!
©  Генри Дэвид Торо
Алдымен тандаулы кітапты оқыңдар, әйтпесе оларды мүлде оқи алмай қаласыңдар.
©  Генри Дэвид Торо
Қайсыбір жақсы кітапты оқып шығып, өз өмірінің жаңа дәуірін ашқан адамдар қаншама!
©  Генри Дэвид Торо
Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек.
©  Расул Ғамзатов
Кітап — үйдің ашулы тұрған терезесі.
©  Расул Ғамзатов
Кітаппен дос бол, кітаптың жомарт беттері...
Көзінді тосар, адал дос одан жоқ тегі.
©  Расул Ғамзатов