Кітап туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 18
Жұмбақтар: 34
Тақпақтар: 18
Өлеңдер: 63
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 135
Туындылар: 12
Әңгімелер: 52
Ертегілер: 1
Поэмалар: 3
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 4
Эсселер: 4

Өзіңнің және өзгенің оқуына арнап кітаптар таңдау тек ғылым ғана емес, сонымен қатар өнер де. 
©  Николай Рубакин
Тірлігім көбейген сайын, көбірек оқимын. 
©  Майкл Фарадей
Қанша кітап оқығанмен, император бола алмайсың. 
©  Мао Цзэдун
...көркем кітап оқуға әуестігім азайып бара жатыр, сондықтан осының өзі менің жан дүниеме келген жамандықтың белгісі ме деп қорқам. 
©  Чарльз Дарвин
Кітап — әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.
 
©  Максим Горький
Өз бойымдағы барлық ең жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын.
 
©  Максим Горький
Егер мен байысам, тек қана кітап сатып алар едім.
 
©  Максим Горький
Келешектің бақыты мен құдіретті күші жолында адамзат жаратқан күллі кереметтердің ең күрделі де ұлы кереметі кітап бола алады.
 
©  Максим Горький
Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді — көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуіне де кітап бетінен дидарласасың.
 
©  Максим Горький
Кітап маған тақтан да қымбат 
©  Уильям Шекспир
Мәдениеттің мәйегі - кітап. 
©  Шерхан Мұртаза
Жақсы кітап — жақсы қоғам тәрізді. Сен қандай кітаптарды оқығанынды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін. 
©  Николай Пирогов
Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Кітаптан тауып алатын нәрсеңізді ешқашан есте сақтамаңыз. 
©  Альберт Эйнштейн
Жақсы кітап оқымайтын адамның кітап оқи алмайтын адамнан еш артықшылығы жоқ. 
©  Марк Твен
Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. 
©  Әлішер Науаи
Кітап — ақылды қуаттандыратын құрал. 
©  Ян Амос Коменский
«Поэзия» – ертеректе жа­зылған өлең. Кітаптарыма енбей қалып жүрді. Жоғалып кет­ті, кейін қайта тауып алдым. Басқа себебі..
©  Есенғали Раушанов
Кітап біздің ең соңғы досымыз, олар бізді алдамайды, сондай-ақ үнемі жаныңнан табылады. 
©  Эмиль Фагэ
Қолға түскенін емес, әбден таңдап-сараптап оқыңыз. Діл мен жаныңызды байытып, оны тәрбиелеңіз. 
©  Иван Тургенев
Жақсы кітап – ұяттың антологиясы.
 
©  Асқар Сүлейменов
Зады, бірегей тұлғаларға, бірегей кітаптарға сын есім жүрмейді.
 
©  Асқар Сүлейменов
Жақсы кітап — ұлттың антологиясы. 
©  Асқар Сүлейменов
Ақылы жоқ адаммен араласқанша, жақсы кітап оқыған мың артық. 
©  Михаил Литвак
Кітап өміріңнің қиын сәттерінде сенімді сырласың болады, ешқашан өкіндірмейді. 
©  Альфонс Доде