Кітап туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 18
Жұмбақтар: 34
Тақпақтар: 18
Өлеңдер: 63
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 135
Туындылар: 12
Әңгімелер: 52
Ертегілер: 1
Поэмалар: 3
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 4
Эсселер: 4

Кітап оқу – мұның өзі әлі ештеңені білдірмейді, нені оқу және оқығанды қалай түсіну – басты нәрсе міне осында. 
©  Константин Ушинский
Кісі өлтірген, батырлық, ұрлық-қарлық — кітапта мұның бәрін дейді бұзық.
©  Ақан Сері
Кітаптардың саны емес, оның сапалысы, жақсысы пайда келтіреді. Бұны көбі біледі, мойындайды, бірақ өздері амал етпейді.
©  Сенека
...егер кітапты оқи қалсаң, оқыған нәрсеңнің негізгі ойын көңілге тоқи біл.
©  Сенека
Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана. 
©  Әбіш Кекілбаев
Кітаптар — тәрбиенің маңызды жақтарының бірі ретінде тәрбие жоспарына енуге тиіс. 
©  Виссарион Белинский
Кітап — асып-таспайтын асыл досымыз. 
©  Виктор Гюго
Кітап жансыз, бірақ шынайы дос. 
©  Виктор Гюго
Барлық тамаша кітап бір-біріне ұқсас келеді, себебі олар өмірден шынайы. 
©  Эрнест Хемингуэй
Бүкіл кітап атаулының барлығын бір нәрсе біріктіреді – әңгімеленіп жатқан шығармалар шынайлылықтан гөрі шыншыл келеді. 
©  Эрнест Хемингуэй
Рухында болашаққа ұмтылған жағдайда ғана кітап өміршең болмақ. 
©  Оноре де Бальзак
Кітап — коллективтік тәжірибе. Ұлы кітаптардың жиырмасын оқыған кісі ұлы өмірлердің жиырмасын бастан кешті деген сөз. 
©  Оноре де Бальзак
Кітапта тәрбиелік мән, рухани дән болуы тиіс.Мені қазіргі кезде жазушылардың тым көбейіп кеткені ойландырады. Бүгінде мемуар жазушылар көбейді...
©  Қайырғали Медет
Кітап адамның серігі ғой. Ақымақты ақылды, ақылдыны данышпан етеді.
©  Әселхан Қалыбекова
«Кітап оқу туралы ойланбасқа болмас. Кітап оқу жайын айта бастасаңыз, біреу таңырқар, екеу табалар. Алайда, қазір кітап әлеміне қайта оралу..
©  Мархабат Байғұт
«Бір ел – бір кітап» акциясы үшін биыл Абайдың қара сөздері таңдалды. Бұл – ғажайып таңдау. Абай әлемі – мәңгілік рух..
©  Мархабат Байғұт
«Ақ желкеннің» оқырмандары кітап дейтін киелі әлемді ең бірінші орынға қоя білсе дер едім.
 
 
©  Мархабат Байғұт
Кітаптарды өртегеннен де ауыр қылмыс бар. Ол – оларды оқымау. 
©  Рэй Брэдбери
Кітапқа енген кез келген формула оны сатып алушылардың санын екі есеге азайтады. 
©  Стивен Хокинг
Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де..
©  Ыбырай Алтынсарин
Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.
 
©  Нұрсұлтан Назарбаев
Білім — кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды..
©  Нұрсұлтан Назарбаев
Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап — мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады.
 
©  Нұрсұлтан Назарбаев
Кітап — ең сабырлы ұстаз.
 
©  Нұрсұлтан Назарбаев
Оқып шыққаннан кейін оны өзім де жаза аламын деген ойға салатын кітаптар ең жақсылары болып табылады. 
©  Блез Паскаль