Кітап туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 18
Жұмбақтар: 34
Тақпақтар: 18
Өлеңдер: 63
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 135
Туындылар: 12
Әңгімелер: 52
Ертегілер: 1
Поэмалар: 3
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 4
Эсселер: 4

Кітап жазу – қашанда белгілі бір тұрғыдан алғанда, оның алдыңғысын жоққа шығару деген сөз.
©  Поль-Мишель Фуко
Кітаптың дүниеге келуі – шағын оқиға: ол – біреудің қолындағы зат іспеттес. Ол сол сəттен бастап қайталану деген шексіз ойынға қосылады да кетеді.
©  Поль-Мишель Фуко
Жаман досың болғанша, жақсы кітабың болсын.
©  Жәди Шәкенұлы
Бытыра мен кітап басу – бір текті құбылыстар.
©  Освальд Шпенглер
Кітап менің егізімнің сыңары. Кітап оқымасам жаным жай таппайды. Не дегенмен кітап рухани байлық. Кітап оқу арқылы жетісесің, толысасың. Олсыз оқудың..
©  Кенжебек Сержанұлы
Нашар кітап көбіне жүзеге аспай қалған ниеттердің мағынасыздығының көрінісі болып шығады.
©  Жиль Делез
Менің ойымша кітап жазатын адамға барынша жиі дұрыс болып көрінгеннен гөрі, айнымас жан тазалығы əлдеқайда маңыздырақ.
©  Роберт Вальзер
Жүз жыл білім үйреніп, мың кітапты оқып шықсаң да, ондағы айтылғандарды іске асырмасаң, Алланың мейірім- шапағатынан үміт етуге хақың жоқ.
©  Әбу-Хамид Әл-Ғазали
Кітап емес, өмір жақсылыққа баулиды.
©  Роберт Вальзер
Кітаптың соңы – жазудың басы болмайды.
©  Жак Деррида
Оқылмаған кітап мұңлы, байға тимеген қыз мұңлы. 
©  Естеу ЖҮНІС
Әңгіме кітапты көп оқуда емес. Әңгіме керек кітапты оқуда. Керек емес кітапты оқығаннан не пайда? Босқа миың ашып кетеді.
©  Асқар Жұмаділдаев
Кітаптар өлмейтін қабілетке ие. Олар адамзат қызметінің ең өмірлік жемісі. 
©  Сэмюэл Смайлс
Білімге құмартып, кітапты бүкіл жан дүниеңмен сүй. Ол сенің ең жақсы досың ғана емес, өміріңнің ақырына дейін сенімді серігің де. 
©  Михаил Шолохов
Табиғаттағы барша кітапты басынан аяғына дейін ешкімнің де түгел оқуы мүмкін емес. Болмыстың мақсаты: оны мүмкіндігінше ұзағырақ ұмытпау. 
©  Константин Циолковский
Жаман кітап — рухани идеямызды бүлдіретін улы дәрі. 
©  Артур Шопенгауэр
Кітапты тым көп оқыған сайын мида қалатын нәрселер азаяды. Кітапты ойланбай оқи беру миды шимай-шатпақ жазылған қара тақтаға айналдыру деген сөз. 
©  Артур Шопенгауэр
Тек кітаптан алатын білім болады, ол бейне жасанды аяққа, балауыз мұрынға, жапсырған теріге ұқсайды. Ал, дербес ой жүгірту арқылы алған білім біздің..
©  Артур Шопенгауэр
Кітап оқу басқалардың миымен ат жарыстыру; ойланып-толғану өз атыңмен өзің зымырау. 
©  Артур Шопенгауэр
Кітап оқыма, ондағы асыл ойды тоқы, өз ойымен әсемде...
©  Нұрхалық Абдырақын
Мен ұзақ уақыт бойы кітап жазуды армандадым, тіпті бизнесмен болмасам да, өз идеяларымды жазып алдым.
©  Қуаныш Шонбай
Кітап әлемінен алыстаған ұрпақтың болашағы бұлдыр, келешегі күңгірт. Жас өскінді кітапқа тебіреніспен қарайтындай етіп тәлімдеп, тәрбиелеуге қол..
©  Мархабат Байғұт
Кітап жан азығы, жақсы кітаптарды таңдап оқы, оқымас бұрын авторына аз көз жүгіріт. Сенімі, адамдығы кемшін болса оқымай қоя сал!
©  Нұрхалық Абдырақын
Күніне ең болмағанда бір бет кітап оқы, не жаз.
©  Нұрхалық Абдырақын
Бизнес туралы бірде-бір кітап оқымадым.
©  Арман Тосқанбаев