Дос туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 204
Тақпақтар: 25
Өлеңдер: 592
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 156
Құттықтау, тілектер: 22
Туындылар: 2
Әңгімелер: 37
Ертегілер: 10
Поэмалар: 1
Шығармалар: 5
Анекдот, әзілдер: 8
Аңыздар: 4
Эсселер: 2

Әділ айтсам — Аллам дос, әзіл айтсам — шайтан хош. 
©  Қашаған Күржіманұлы
Досыңды қасыңда болған кезде ғана емес, болмаған кезде де есіңе ал. 
©  Фалес
Ақымақтық пен даналық жұқпалы дерт сияқты тез сіңеді. Сондықтан жолдасты көзіңді ашып таңда. 
©  Уильям Шекспир
Мен ұмытылмас мейірімді достарымнан артық бақыт таба алмаспын. 
©  Уильям Шекспир
Достың ақыл-кеңесі — жауларға қарсы ең жақсы сүйеніш. 
©  Уильям Шекспир
Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол! 
©  Төле би
Бақытсыздықта нағыз дос табылар. 
©  Эзоп
Досың кім деп сұрағанда, Зенон: басқа Мен деп жауап қатты. 
©  Зенон Элейлік
Екі жақсы дос болмас — сірне үстінде xаты бар,Ежелгі дұшпан ел болмас — көңілінде кір, даты бар. 
©  Бұқар жырау
Ит жүгіртіп, құс салсаң — киген тоның түлкі етер,Жаманменен дос болсаң — көрінгенге күлкі етер. 
©  Бұқар жырау
Жаманмен жолдас болсаңыз,Көрiнгенге күлкi етер,Жақсымен жолдас болсаңыз,Айрылмасқа серт етер. 
©  Бұқар жырау
Ақша қажет болса бөтен адамдардан сұра, ақыл керек болса досыңмен сырлас, ал саған ештеңе қажет болмаса туыстарыңа бар. 
©  Марк Твен
Нағыз дос сен қателік жіберген кезде де жаныңнан табылады. Ал сен дұрыс жүрсең, бәрі сенімен бірге. 
©  Марк Твен
Уайымнан ләззат алғыңыз келсе жақын досыңызбен оны бөлісіңіз. 
©  Марк Твен
Жақсы дос бойға жарасады,Жақсы жолдас ойға жарасады. 
©  Әлішер Науаи
Дос адам маңайыңды жұмақ етер. 
©  Махмұд Қашқари
Досыңыздың кім екенін айтсаңыз, сіздің кім екеніңізді айтып беремін. 
©  Дейл Карнеги
Кіммен жүргеніңе, кіммен дос болғаныңа мұқият бол. Өйткені бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді. 
©  Жалаладдин Руми
Кітап біздің ең соңғы досымыз, олар бізді алдамайды, сондай-ақ үнемі жаныңнан табылады. 
©  Эмиль Фагэ
Дос керек кезде дос болыңыз, ал бір нәрседен үміттенсеңіз, өзгелерге де үміт сыйлаңыз.
 
©  Ник Вуйчич
Қуанышыңызды достарыңызбен де, дұшпандарыңызбен де бөлісіңіз. Өйткені достарыңыз бірге қуанады, ал дұшпандарыңыз қайғырады. 
©  Михаил Литвак
Достарыңызбен қарым-қатынаста болған - күшті, ал дұшпандарыңызбен араласу – пайдалы. 
©  Михаил Литвак
Мінсіз дос іздеген доссыз қалады.
©  Әл-Фараби
Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
©  Әл-Фараби
Жақсы дос - білген сырын сыртқа жаймас.
©  Абай Құнанбаев