Дос туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 204
Тақпақтар: 25
Өлеңдер: 592
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 156
Құттықтау, тілектер: 22
Туындылар: 2
Әңгімелер: 37
Ертегілер: 10
Поэмалар: 1
Шығармалар: 5
Анекдот, әзілдер: 8
Аңыздар: 4
Эсселер: 2

 Досыңды соншалықты құлай сүйме, күндердің күнінде дұшпаның болып шығуы мүмкін. Дұшпаныңмен де қатты жауласпа, күндердің күнінде досыңа айналуы..
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
 Қара нәсілді адамдарды да дос тұтыңдар, өйткені олардың үш ұлық адамы: Лұқман* хәкім, Нахоший, Эфиопиялық азаншы Біләл пейіште болады.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Жаман дос – көлеңке, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың.
©  Абай Құнанбаев
Ең жақсы дос - АНА. Ол ешқашан жамандық тілемейді.
Тірліктің мәні жақсы дос. Жаман адамның досы көп болады Шын сырласатын бірнеше досың болса соның өзі жетеді.
©  Нұрхалық Абдырақын
Дос таңдауда құдды кітап таңдау сияқты. Оның да тегіне қарап дос бол! Тексізден қырық метір алыс жүр.
©  Нұрхалық Абдырақын
Достың, жақынның жанында кіші, дұшпанның жанында үлкен бол.
©  Нұрхалық Абдырақын
Тегінде бір-біріне өш болып жаралған ит пен мық дос болып жүр бүгінде, бұл бізге досыңмен жауыңды айра біл деп, тұрғандай....
©  Нұрхалық Абдырақын
Достарды екі топқа бөліп, қарастыруға болады. Біріншісі - белгілі бір уақыт қана сіздің өміріңіздің қонағы болса, екіншісі – қандай қиындық туса да..
©  Агата Кристи
Жақсыға бітсе дәулет бақ айналар,Жаманға бітсе дәулет әуе айналар.Басына ер жігіттің іс түскенде,Арасы қас пе достың абайланар.
©  Ақан Сері
Дәулетiң барда досың толып жатыр,Тауық көп тары, бидай шашқан жерде.
©  Ақан Сері
Кімнің ісі жүріп тұрса — достары мың, қиналысқа түссе — айналасы шөл.
©  Сенека
Кедейлік - ер жігітке намыс емес, жоқ болсаң - досың дағы таныс емес.
©  Шал Құлекеұлы
Дос болма майда тілді күлгенменен,Беймағына сырты жылтырап жүргенменен.
©  Шал Құлекеұлы
Англияның мәңгілік достары жоқ, оның тек мәңгілік мүдделері ғана бар.
©  Уинстон Черчилль
Достарыңның жүрегін құр қошеметпен емес, көңілден шыққан шынайы сөздермен жаулап ал.
©  Сократ
Адам өмірі - қамшының сабындай ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ тәрбилеген ұтады екен.
©  Қорқыт ата
Ақылды өзі үшін көңілді және ыңғайлы дос таңдайды.
©  Эпикур
Әйелің — көңілдесің емес, бүкіл ғұмырлық досың, әрі серігің, демек, оны біз егде тартқан әйел болған шағында да, кемпір болған кезінде де сүюге ерте..
©  Виссарион Белинский
Кітап жансыз, бірақ шынайы дос. 
©  Виктор Гюго
Ажырамас достан да артық нәрселер бар. 
©  Габриэль Гарсиа Маркес
Екі достың бірі екінішісінің құлы. 
©  Михаил Лермонтов
Сансыз көп сапсыз достардан, жалғыз адал достың болғаны жақсы.
©  Анақарыс
Шындығында Жаратушы нағыз дос қой.
©  Хамза Көктәнді
Жақсы достың жасар жақсылығы да көп болар.
©  Иүгінеки Ахмед