Рух туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 6
Өлеңдер: 162
Нақыл сөздер: 36
Туындылар: 1
Әңгімелер: 15
Поэмалар: 3
Шығармалар: 1

Ауру-сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемісі болып табылады.
 
©  Бернард Шоу
Күйреген рухты қайта көтеру - міне, қазіргі тандағы басты мақсат қып-қызыл өтірікті көтере беретін осы дүние ғана. О дүниеде оңдай қулық..
©  Шерхан Мұртаза
Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?! 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Адам рухы айналасынан бөлек жасай алмайды... 
©  Ғабит Мүсірепов
Адам денесінің өз шегі бар, бірақ адам рухы ештеңемен шектелмейді. 
©  Дин Карназес
Кез келген адамды ұрып жығу оңай. Бірақ рухы мықты адамды есеңгірету мүмкін емес. 
©  Дейл Карнеги
Адам ерлігінің ең зор сынағы - жеңіліске ұшырағанда рухы түспеу. 
©  Роберт Ингерсолл
Ескі қазақ баласы, шынында, өлеңмен қарсы алынып, өлеңмен шығарып салынатын болған. Бұл қазақ рухына анық сіңген мінез еді.
©  Мұхтар Әуезов
Рух өлмейді, рух көшеді.
©  Тоқсары
Тән үшін сүрген өмір азап шектіреді. Рух үшін сүрген өмір ғана рақатқа жеткізеді.
©  Лев Толстой
Ұлттық рух – бұл, асыл қасиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік.
©  Бауыржан Момышұлы