Міндет туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 7
Өлеңдер: 14
Нақыл сөздер: 35
Туындылар: 1
Әңгімелер: 3
Шығармалар: 1
Эсселер: 3

Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдaғанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанда соғыс рақымсыздықпен тең, ал Отан үшін күресу – бұл әркімнің міндеті. 
©  Ги де Мопассан
Өркениеттің ең басты міндеті — адамды дұрыс ойлауға үйрету. 
©  Томас Эдисон
Әдебиеттің зор міндетінің бірі - елдің мінезін түзеу.
©  Мұхтар Әуезов
Зиялы қауым халықтың қамын ойлауға міндетті.
©  Міржақып Дулатұлы
Мемлекеттің бірінші міндеті — онда туған балалар ақыл тоқтатып, есейгенше жақсы баспанамен, киіммен, тамақпен қамтамасыз ету және білім беру.
©  Джон Рескин
Биліктің бірінші міндеті — халықтың ішер асы, киер киімі және жанармайы бар ма, соны қадағалау. Ал екінші міндеті — рухани байлық және зияткерлік..
©  Джон Рескин
Адамның негізгі міндеті күнелту емес, өмір сүру.
©  Джек Лондон
Шындық – суреткердің ұлы міндеті.
©  Бауыржан Момышұлы
Бала тəрбиесі — мемлекеттің маңызды міндеті.
©  Платон