![]() |
|
![]() |
Хадистер жинағы туралы Нақыл сөздер ✍️
Нақыл сөздер: 42
Туындылар: 1
Үшінші хадис: Кімде-кім өзіне қалағанды мұсылман бауырына да қаламайынша толық иман еткен болмайды;
— Әбу Дәуіт
Екінші хадис: Адамның өзіне қатысы жоқ пайдасыз істерді тәрк етуі, оның көркем мұсылманшылығының белгісі;
— Әбу Дәуіт
Бір әйелге үйлену ниетің бола қалса, алдымен оны бір көру теріс емес.
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Ұйқыдан тұрған адам қолын үш рет жумайынша ыдысқа салмасын, өйткені ол қолымен қай жерлерін ұстағанын білмейді.
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Раббым қашанда бір патшаға жақсылық жасағысы келсе, оған адал уәзір береді: ол ұмытқанын дер кезінде есіне салады, есіне алған кезде көмектеседі...
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Кімді Алла сүйсе, соған адамдардың ісін түсіріп қояды.
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Кім-кімді дос тұтса, соған пейілін білдіріп қойсын.
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Бір әулеттің сыйлы адамы болса, оны сендер де сыйлаңдар!
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Күтушің тамақты өз үйінен жасап әкелсе, оны өзіңмен бірге дастарқанға отырғыз. Егер бірге отырмаса, алдымен астан бір-екі асатып жібер.
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Әлдебіреулеріңе қазылық тие қалса, ашу үстінде үкім шығармаңдар, арызданып келгендермен тең, бірдей қарым-қатынас жасаңдар.
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Жау жағынан әлдекім өз жанына сауға тілеп келсе, оны өлтіруге болмайды.
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Әсмә (р.а.):«Бірде әлдебір әйел Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: Уа, Расулаллаһ! Қызым ойламаған жерде қызылша ауыруына шалдығып, шашы жидіп түсе..
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Таң намазының екі рәкағаты дүниеден және оның ішіндегі барлық нәрседен де қайырлы деп..
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте:«Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Нағыз мықты күресте қарсыласын жеңген емес, қатты ашуланғанда өз өзін ұстай (жеңе)..
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Әбу Са‛ид пен Әбу Һурайрадан (Аллаһ олардан разы болсын) жеткен хадисте:«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Аллаһ тағала мұсылман құлының басына келген..
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Шәддад ибн Әус (р.а.):«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Нағыз ақылды әрдайым өз-өзін есепке тарта отырып, ізгі амалдар жасап, өлімнен кейінгі өмірге қамданған..
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте:«Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Мейлі ер, яки, әйел болсын, мүміннің жеке басы, бала-шағасы не болмаса дүние-мүлкі..
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Арақтан, ішімдіктен сақтаныңдар, өйткені ол – барлық жамандықтың кілті.
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Адамның айыбын бетіне басудан сақтанындар.
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Орасан зор апатқа жолықтыратын жеті түрлі күнәдан сақтаныңдар:– Тәңірге шек (шүбә) келтіру;– Сиқырлықпен шұғылдану;– Біреуді нақақ өлтіру;–..
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Екі кісі – бір кісіден жақсы, үш кісі – екі кісіден жақсы, төрт кісі – үш кісіден жақсы; көпшілікпен бірге болғандарды Алла тура жолға бастайды.
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Екі түрлі адамға Алла қиямет күнінде рақым етпейді: туған-туыстарынан мүлде қол үзіп кеткендерге, жаман көршіге.
— Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Алладан қорқыңдар және перзенттеріңнің бәріне бірдей мейірбан болыңдар! (Оларға киім мен тамақты тең бөліңдер).