Нәпсі туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 10
Өлеңдер: 24
Нақыл сөздер: 29
Туындылар: 1
Әңгімелер: 13

Нәпсі, өзімшілдік пен мақтан шексіз көп жаман әдеттер туғызады. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қазақта жоқ ақылмен ой бекітпек,Нәпсі ұнаса болғаны - бәрі бітпек.Тәуекел деп ат қойып ықтималға,Байлауы жоқ нәрседен пайда күткен. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас,
Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.
©  Абай Құнанбаев
Нәпсінің қу мінезін - тіл де үйренеді.
©  Абай Құнанбаев