Сөз туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 508
Жұмбақтар: 6
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 490
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 205
Құттықтау, тілектер: 3
Туындылар: 4
Әңгімелер: 42
Ертегілер: 1
Поэмалар: 3
Анекдот, әзілдер: 3
Эсселер: 1

Сөз есепсіз – тіліңді тый, тарта ұста,Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста.Есепті сөз – ер сөзінің асылы,Мылжың тілді жау деп ұғын тартыста.
©  Иүгінеки Ахмед
Тіліңді тый – тісің сынбайды.
©  Иүгінеки Ахмед
Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса – сөз кестелі болады.
©  Әлихан Бөкейханов
Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.
©  Әлихан Бөкейханов
Сөздің жаны бар, әр сөзі аузға Алла салады. Баршамыз сөзің қадірін түсінуді жазсын.
©  Нұрхалық Абдырақын
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Жігіттің жақсысы:Дұрыс сөзге тоқтай білген,Басқаны сөзіне тоқтата білген. 
©  Әйтеке би
Асқар тау сенде бір мін бар-Асу бермейсің;Тасқын су, сенде бір мін бар-өткел бермейсің;Билер, сендерде бір мін бар-Басқаға сөз бермейсің! 
©  Әйтеке би
Кісімен бірге туыспау керек,Туысқан соң артық сөз қуыспау керек. 
©  Әйтеке би
Ақымақ әрбір сөзге сүрінеді. 
©  Гераклит
Қай сөзді аңдып бүгінде кімді елейін,Ішімде өлсін бәрі де үндемейін.Ақ пен қара тартысып өтеді екен,Әлімсақтан ақырғы күнге дейін.
©  Аймақ Әбілда
Көп адам дүниеге бой алдырғанБой алдырып, аяғын көп шалдырған.Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,Өлмейтұғын артында сөз қалдырған. 
©  Фариза Оңғарсынова
Жақсы оймен,Жақсы сөздер -жақсы іске жетелейді.
©  Белгісіз
Ұлы ақыл иелеріне аз сөзбен көпті білдіру тән болса, ақылы шамалы адамдар, керісінше, көп сөйлеп, ештеңе де айтпау дарынына ие. 
©  Франсуа де Ларошфуко
Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің..
©  Мұстафа Шоқай
Көне сөздің бәріне күмәнді қарауға болмайды. Тіл – халықтың перзенті, ол адамзаттың тарихымен тығыз байланысты. Заманның талаптарына сәйкес әр..
©  Мұстафа Шоқай
Сөзі мен ісіне айырма салғандар – шындығын жоғалтып алғандар. 
©  Мұхтар Шаханов
Жақсы мінез - жылы жүз, жылы сөз, жақсылық жасау және жамандық жасамаудан тұрады. 
©  Хасан Басри
Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді. 
©  Ыбырай Алтынсарин
Көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады. 
©  Ыбырай Алтынсарин
Сөз көбіне-көп өзі өмірге келген тілде тұрақтамай, сырттан келген сөздермен алмастырылады. Бірақ мүлдем жойылып кетпейді, басқа тілдерде жан сақтап..
©  Дидахмет Әшімхан
Шындықтан сөз бұзылмайды – ақиқат беті ашылады.  
©  Дидахмет Әшімхан
Сөз кейде қылыштан өткір, кесіп түседі. Сөз кейде мақтадан жұмсақ, жаныңа жылы тиеді. Сиқырлы сөзге иланып қаласың. Суық сөз естіп қиналып..
©  Әкім Ысқақ
Cөйлегендеріме өкіндім, бірақ үнсіз қалғаным үшін өкінбедім. 
©  Лұқман Хакім