Сөз туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 508
Жұмбақтар: 6
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 490
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 205
Құттықтау, тілектер: 3
Туындылар: 4
Әңгімелер: 42
Ертегілер: 1
Поэмалар: 3
Анекдот, әзілдер: 3
Эсселер: 1

Түркіні бұзар - тәтті сөз. 
©  Білге қаған
Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады.
©  Ілияс Есенберлин
Би болмаған би болса,Айтылмаған сөз қоймас. 
©  Үмбетей Жырау
Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты сол - кез келген нәрседе үлгіні қажет етеді.
©  Сенека
Шешен сол - сөйлер сөзден қамалмаса,Жақсы сол - істер ісін тәмамдаса.
©  Шал Құлекеұлы
Дау кезінде сіздің сөзіңіз соңғы сөз болсын десеңіз, қарсыласыңызға «сіздікі, шамасы, дұрыс»- деңіз.
©  Уинстон Черчилль
Сөз сүйектен өтпесе, таяқ та көмектеспейді.
©  Сократ
Табиғат көп көріп, көп тыңдау үшін екі көз, екі құлақ берді, ал аз сөйлеу үшін бір ғана ауыз берді.
©  Сократ
Өтірік сөз - өрге баспайды
©  Қорқыт ата
Көп зат сөзсіз тауып айтылады. 
©  Михаил Лермонтов
Сөздің маңызы кетіп, самалы қалды.Адамның жақсысы кетіп, жаманы қалды. 
©  Мөңке би
Өсиетке терең бол,Өсек сөзге керең бол. 
©  Есей би Алдамұратұлы
Жасында ұлт мектебінде дұрыстап оқыған адам ана тілінің заңын ұмытпайды, бөтен тілдің сөздерін ана тілінің заңымен айтамын деп шатасады. 
©  Халел Досмұхамедұлы
Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге лайықтап алу керек. Жат сөзді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп..
©  Халел Досмұхамедұлы
       (Егер асыл сөздердің ең ардақтысын тапқыңыз келсе «Ей, перзентім, біліп алғын!...» гибратнама..
©  Әбдінағым Көшер
Жақсыға айтқан сөзiң ем болады,Ақылы надандардың кем болады.Жамандарға насихат айтқан сөзiң,Жаңғырыққан шорменен тең болады. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Көп сөйлеген сөз - арзан.
©  Иүгінеки Ахмед
Шын сөз - бал, жалған сөз - жуа.
©  Иүгінеки Ахмед
Тіл мен жақтың көркі - сөз.
©  Иүгінеки Ахмед
Асыл сөз - аз, қалжың сөз - көп.
©  Иүгінеки Ахмед
Ағысты мөлдір бұлақ ортаймайды,Сөздері білімдардың қартаймайды.
©  Иүгінеки Ахмед
Ойлы сөз - ұтқыр, ойсыз сөз - жұтқыр.
©  Иүгінеки Ахмед
Сүйеуі бардың - сөзі де басым.
©  Иүгінеки Ахмед
Білімді кісі керекті сөзді ғана айтады.
©  Иүгінеки Ахмед
Білімсізге білікті сөз де парықсыз көрінеді.
©  Иүгінеки Ахмед