Үйлену туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 29
Өлеңдер: 23
Нақыл сөздер: 8
Құттықтау, тілектер: 48
Туындылар: 2
Әңгімелер: 21
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 4

Үйлену қиын емес, үйленгесін қиын.
©  Сақып Керелбаев
"Қыздың жақсы жігітке шығуы, жігіттің жақсы жар таңдап алуы жеңіспен пара-пар. Алдымен жеңіске жету қымбат, ал жеткен жеңісті баянды ету – одан да..
©  Әзілхан Нұршайықов
Үйлену — өз құқыңды екі есе азайтып, міндетіңді екі есе арттыру деген сөз. 
©  Артур Шопенгауэр
Сіз дайын болған кезде емес, дұрыс адамды кездестірген кезде үйленуіңіз керек.
©  Марғұлан Сейсембай
 Бір әйелге үйлену ниетің бола қалса, алдымен оны бір көру теріс емес.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Жар таңдауда ішкі иманы мен сыртқы сұлулығы, тектілігіне көп үңіл. Тексізден Алла сақтасын!
©  Нұрхалық Абдырақын
Ештеңеге қарамастан үйлен. Жақсы әйел түссе бақытты боласың, жаман әйел түссе ойшыл боласың.
©  Сократ
Отбасылық өмір екі жастың басына көп міндеттер мен парыздар жүктейді. Әр адам соған дайын болғаннан кейін үйлену туралы шешімге келгені дұрыс.
 
©  Бернард Шоу