Тіл туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 363
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 56
Өлеңдер: 256
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 209
Құттықтау, тілектер: 14
Туындылар: 5
Әңгімелер: 30
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 17
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 15

Тілден де тыс бірдеңе бардай көрінетін бірдеңе бар екені анық: бəрі қалай айтуға байланысты.
©  Жак Деррида
Елдің көбі – сөйлеуік,Тіл мен жаққа дамыл жоқ.Құрғақ сөзден ой кеуіп,Сезілмейді жалын-жоқ.
©  Жарасбай Нұрқанов
Тіліне араб - парсы болдым жетік,Оны да қолданбадым өнер етіп.Көрші елге елшілікке ылғи барып,Мен жүрдім қазағыма қызмет етіп.
©  Қожаберген жырау
Ниетіміз, тіліміз, ортамыз көркем болсын.
©  Естеу ЖҮНІС
Тіршілік қашанда бір түрлі тіл арқылы бізге мәлім ақиқатты ұсынады. Егер біз оны басқаша қабылдасақ, онда біздің өмір сүруіміз қауіпке ұшырайды. 
©  Артур Шопенгауэр
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. 
©  Ғабиден Мұстафин
Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ. Тіл өлгенді де тірілтеді... Әдебиет әдебиет болғалы тіл қасиетін ешкім сарқа пайдаланған емес..
©  Ғабиден Мұстафин
Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін! 
©  Ғабиден Мұстафин
Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы — бәрінен де сенімді байлық. 
©  Ғабиден Мұстафин
Бола алмадым темірқазық, берік болар еліме,Айдаһарлар тілді жұтты, аузын салды жеріме.
©  Заманбек Нұрқаділов
Тіл үйрен әуелде Құран тілін оқы. Сосын басқасын.
©  Нұрхалық Абдырақын
Қырқылып тілім қалғаншаКеудемде шыбын жан болсаМұңын айтып өтемінҚазақтай қайсар халықтың  
©  Ринат Зайытов
Қорғанудың ең жақсы тәсілі – шабуыл. Олай болса, тіл саласында пайда болған жат нәрселерге ша­буыл жасайық, ағашты бір рет сілкіп байқайық. Қандай..
©  Мұстафа Кемал Ататүрік
Ұлттың ең белгілі ерекшеліктерінің бірі, ең құнды негіздерінің бірі – тіл. «Мен – түрік ұлтынанмын» дейтін адам бәрінен бұрын және міндетті түрде..
©  Мұстафа Кемал Ататүрік
Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына… 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Сөз – ойдың айнасы. Ойсыз сөз – сөз болмайды. Ой жетілу мен тіл жетілу қатар жүреді. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал. Әр заманда тіл ішкі сырды әртүрлі шығаратын болған. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Адам қандай тілде сөйлесе, сол мәдениетті білдіреді
©  Бекболат Тілеухан
Ана сүті - бой өсіреді,Ана тілі - ой өсіреді.
©  Омар Жәлел
Адамның тілі өзгерсе басқа тілде шүлдірлейді, ділі өшсе ұлтын жоғалтады, діні өлсе адамдықтан бірақ кетеді.
©  Нұрхалық Абдырақын
Халық тілі – тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын, оның күллі рухани тіршілігінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайталап шешек атып..
©  Константин Ушинский
Елбасы осы 25 жыл бойы жастармен кездескенде де, басқа да ортамен кездескенде де, тіл мәселесі көтерілгенде ең алдымен «қазақ қазақпен қазақша..
©  Иманғали Тасмағамбетов
Ең өзекті мәселе – ана тілі, қазақ тілі жөнінде болмақ. Осы 25 жыл ішінде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту үшін мемлекет біршама іс атқарды деп..
©  Иманғали Тасмағамбетов