Іс туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 180
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 53
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 132
Әңгімелер: 9
Эсселер: 2

Құр білген керек емес - білгенді іс қылған керек. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Еркекке тіс те керек, іс те керек, білек те керек, жүрек те керек... 
©  Ғабит Мүсірепов
Жетістіктің құпиясы ойдағы істі бастап кетуде 
©  Марк Твен
Сізді кері тартып, төмендететін адамдармен бірге жүрүден сақтаныңыз. Өзіне сенген адам ғана ұлы істерге бара алады. 
©  Марк Твен
Шатысқан істің шешімі - шыдам. 
©  Құтып
Қысылған жерде қоян да арыстанның ісін істейді. 
©  Құтып
Асығыстық - ақылдының ісі емес. 
©  Құтып
Іс-әрекет етпес бұрын ойлану керек. 
©  Сергей Капица
Кейбір адамдарға кішкентай істер де көп қуаныш әкеледі.
 
 
©  Ник Вуйчич
Басқалардан көмек сұрауға болатынын әрі керектігін мен ерте үйрендім. Себебі жалғыз өзімнің қолымнан келмейтін істердің бар екеніне көзім жетті.
©  Ник Вуйчич
Өзіңіздің істеріңізге өзіңіз сүйсініп қарайтындай етіп өмір сүріңіз.
©  Ник Вуйчич
Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да – игілігін..
©  Әл-Фараби
Арлану ақылдының ісі.
©  Абай Құнанбаев
Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек.
©  Мұхтар Әуезов
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
©  Мұхтар Әуезов
Һәркімнің ізіне түсіп қуған, үйренген бір ісі болады. Со ісін ол басқалардан артығырақ біледі. Егер оқу, оқытуды машықтап, ол оқытудың һәм оқытқан..
©  Міржақып Дулатұлы
Айту – бізден, істеу – сізден.
©  Міржақып Дулатұлы
Сіздің істеріңіздің нәтижелерін басқалар бағалайды, тек қана өз жүрегіңіздің таза да әділ болуына тырысыңыз.
©  Джон Рескин
Ұлы халықтар тарихын ісімен, сөзімен және өнерімен жазады.
©  Джон Рескин
Нәтижелі еңбектің сыры — ең жақсы нәрсеге ұмтылу емес, жағдайға қарай әрекет етіп, шамаң жететін іспен айналысу.
©  Джон Рескин
Зая кеткен әрбір сәт - істелмеген іс, түспей қалған пайда.
©  Филип Честерфилд
Қандай істі болса да, аяғына дейін жеткізіңіз. Сонда ғана еркіндікті сезінесіз.
©  Стивен Кинг
Өткен іске өкінбеу керек. Өмірден алған соққылардың бәрі маңызды емес. Маңыздысы – біздің еш нәрсеге мойымай, алға қарай ұмтылып, өмір сүріп келе..
©  Стивен Кинг
Достық туралы көп сөзден дос пейілді бір іс артық.
©  Тоқсары
Адамдарды қаны ғана емес, жақсы істері туыстырады.
©  Тоқсары