Қазақ туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 18
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 17
Өлеңдер: 615
Нақыл сөздер: 108
Баталар: 1
Туындылар: 9
Әңгімелер: 46
Поэмалар: 3
Шығармалар: 14
Анекдот, әзілдер: 8
Аңыздар: 4
Эсселер: 5

Қазақ елi жалқау ел. Заманнан кейiн қалған ел. Бiрақ сен жалқау екенсiң деп жүрiп бара жатқан заман тоқтап тұрмайды.
©  Сәкен Сейфуллин
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/..
©  Мағжан Жұмабаев
Байғұс қазақ бас көтеріп, тұрар ма?
Көңілі түсіп, білім мойнын бұрар ма?
Күні туып оң жағынан, солдан - Ай,
Оқуменен жайнатып дүкен құрар ма?
©  Мағжан Жұмабаев
Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір, жолымыз бір қазақ мұғалімдері!
©  Мағжан Жұмабаев
Тұранда Түркі ойнаған ұқсап отқа,
Түркіден басқа от боп жан туған ба?
Көп түркі енші алып тарағанда,
Қазаққа қара шаңырақ қалған жоқпа.
©  Мағжан Жұмабаев
Ерте заманда қазақ ішінде қылмыс жасаған әйел заты үшін жазаның ең үлкені – оның бұрымын кесу болған екен. Совет өкіметі орнағалы бері әйелдер..
©  Бауыржан Момышұлы
Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!
©  Абай Құнанбаев
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі содан шығады. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл..
©  Абай Құнанбаев