Қазақ туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 18
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 17
Өлеңдер: 615
Нақыл сөздер: 108
Баталар: 1
Туындылар: 9
Әңгімелер: 46
Поэмалар: 3
Шығармалар: 14
Анекдот, әзілдер: 8
Аңыздар: 4
Эсселер: 5

Езілген, тепкіленген, қорлық көрген, жабы болған, қайраты сынған, қам көңіл болып жүдеген, қазақ азаматтары! Сен бүгін тіріліп отырсың, сенің тілің..
©  Мәннан Тұрғанбаев
Қазақтың қара өлеңі түрлі түске құбылмау қажет. Ол сол қалпында сақ­талған жөн. Қара өлеңмен келесі ғасырға да еркін кіреміз. Әдебиет –..
©  Қалқаман Сарин
«Желтоқсан» - тек Колбинге ғана қарсылық емес. Бұл - империялық қорлыққа, зорлыққа қарсылық. «Мен - қазақпын!» деп қасқая..
©  Шерхан Мұртаза
Менің қаным қазақ емес, жаным – қазақ! 
©  Асылы Осман
Қазақтың наны тәтті де, тілі жаман ба?! Олай емес, қазақтың нанын жеген адам, тілін де үйренсін! 
©  Асылы Осман
Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып кеміріп, өз тілінің қалпына түсіріп алған – қазақ. Жат жұрттың шалығы тимесе, кәсіби, ғұрпы..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
XX ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Қазақ әлдеқашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, әр дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Отының болсын жантақтан,Қатының болсын қалмақтан,Қосының болсын қазақтан. 
©  Бұқар жырау
Қорғанды шаһар қадірін — қазақ білмес, сарт білер,Ер жігіттің қадірін — ағайын білмес, жат білер. 
©  Бұқар жырау
Қазақта жоқ ақылмен ой бекітпек,Нәпсі ұнаса болғаны - бәрі бітпек.Тәуекел деп ат қойып ықтималға,Байлауы жоқ нәрседен пайда күткен. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қазақ әйелі аз ғана жәрдем бергеніңді ұмытпайды, тезірек еселеп қайтаруға тырысады... 
©  Ғабит Мүсірепов
Қазақ деген ел - бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. 
©  Ғабит Мүсірепов
Қазақ әйелін "жан жолдасым" дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой. 
©  Ғабит Мүсірепов
Қазақ елі - өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел. 
©  Ғабит Мүсірепов
Қазақ қызы ұзатылғанша негізінде екі-ақ түрлі жұмыс істейді: көлден су әкеледі, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады. 
©  Ғабит Мүсірепов
Бүгінгі жастарды ең болмаса қазақ халқының "тура биде туған жоқ" деген даналығының рухында тәрбиелейік. 
©  Ғабит Мүсірепов
Қазақ елі – өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел. 
©  Ғабит Мүсірепов
Қазақ деген ел — бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. 
©  Ғабит Мүсірепов
Біз XV ғасырда «қазақ» деген ел болып біріккенімізді Ұлытаудың көк тасына қашап басқан ру таңбаларымен куәландырған ел едік. Бірігеміз..
©  Ғабит Мүсірепов
Келер қазақтың да ішетін уы мен балы - Абай.
 
©  Асқар Сүлейменов
Абайда ашу шақырар орам көп. Кейіс шақырар бір орамы: «...қазақ та адам баласы ғой».
 
©  Асқар Сүлейменов
Пытыра қазақ: шүрегей атады, өзбек – жалғыз оқ: бұлан атады. 
©  Асқар Сүлейменов