Байлық туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 149
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 61
Нақыл сөздер: 90
Әңгімелер: 9
Ертегілер: 2
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1

Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздер болар.
©  Әлихан Бөкейханов
Байлық түбі - ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды.
©  Әлихан Бөкейханов
Байлық басы көпке байлаулы емес - базарда ақша болатынға байлаулы.
©  Әлихан Бөкейханов
Санасы рухани байлыққа болған адам ,ол өмірдегі ең мықты адам.
©  Белгісіз
Байлық — қанағат пен еңбекте. 
©  Ыбырай Алтынсарин
Адамның байлығы оның әмиянындағы теңгенің санымен өлшенбейді. 
©  Джордж Самуэл Клейсон
Бай, байлыққа ашкөз, тіпті әдемі алтыннан жасалған киімде де, ағынды суларға отыратын жылтыр шыбынға ұқсайды.
©  Фәридуддин Аттар
Қиындық көрмей байлық келмейді.
 
©  Саиф Сараи
Қадіріңді кетірме: ол - сенің таптырмас байлығың.
 
©  Саиф Сараи
Байлықты бөліспесең, оның еш мәні қалмайды. 
©  Дэвид Рокфеллер
Егер мен байысам, тек қана кітап сатып алар едім.
 
©  Максим Горький
Мал-мүлік жидым деп мәз болма - жан кеткенде кетеді. 
©  Қожа Ахмет Яссауи
Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес. 
©  Қазыбек би Келдібекұлы
Бай болғаннан гөрі, ақылды болыңдар. Байлықтан айрылсаң да, ақыл өзіңде қалады. 
©  Эзоп
Еңбек ете бiлудiң өзi – байлық. 
©  Эзоп
Байлық жақсы екені елге мәлім,Өзің істеп әдет қыл - келсе халің.Қолың білсе біреуге жалынбайсың,Шыдамды бол, еріншек болма, жаным.  
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Байлыққа қосар үлесің болмаса, байлықтан алар үлесің де жоқ. 
©  Ғабит Мүсірепов
Байлықты малдан емес, адамнан іздеген жөн болмақ. 
©  Ғабит Мүсірепов
Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті..
©  Ғабит Мүсірепов
Не керек жатқан байлық судай тасып,Тұрмасаң қалың жұртқа қарайласып. 
©  Әлішер Науаи
Адамдардың көпшілігі күндердің күні бай болып оянатындарына сенеді. Олардың ойы жартылай дұрыс. Өйткені олар бір күні шынымен де оянады. 
©  Томас Эдисон
Байлық - барлық болғанда, өнер - мұрат. Байлықтан мұрат шықпаған. Ал, мұрат - тірлік. 
©  Асқар Сүлейменов
Ай - ортақ, қайырлы болса - бай ортақ. 
©  Шернияз Жарылғасұлы
Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық.
©  Абай Құнанбаев
Кейбіреулерге қанша мал бітсе де, байлық бітпейді.
©  Абай Құнанбаев